Текст
13.09.2023
#біртұтас_тәрбие #medetbekovameruert #aqmola.oblysy.birtutas_tarbie Айтыс — халық ауыз әдебиетінде ертеректе қалыптасқан поэзиялық жанр. Айтысты топ алдында суырып салып айтады, яғни сөз сайысы, жыр жарысы ретінде бағалайды. Ақмол ауылының ЖОББМ айтыс дегенім не деген тақырыпта айлықтың ашылуы өтті. Өткізген музыка пәні мұғалімі Сыздыкова Әсел Нұрсағитқызы.
13.09.2023
Ақмол ауылы ЖОББ мектебінде 12 қыркүйек күні ЦАПБ ЖПҚБ аға УПИ полиция майоры Арнур Калдымуратович Манашев және ЦАПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ-ры полиция аға лейтенанты Мухтар Жусупович Кажкенов 11 сынып оқушыларымен жиналыс өткізді
13.09.2023
Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 8 қыркүйекте мектеп формасына қойылатын талаптарға байланысты сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттары мен түсіндірме жұмыстары барысында ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығы негізінде бекітілген талаптар туралы айтылды. Аталған бұйрық негізінде мектеп формасына қойылған талаптар: • Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді. • Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. • Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (крассовка, кеды) тұрады. • Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды. • Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер, шеврон және т.б.) орналастыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге тыйым салынады. #біртұтас_тәрбие #medetbekovameruert #aqmola.oblysy.birtutas_tarbie
13.09.2023
“Дене сергіту” челленджі Ақмол жалпы орта білім беретін мектебінде 1-4, 5-9, 10-11 сынып оқушылары арасында денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, өз денсаулығын күте білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу мақсатында “Дене сергіту” тақырыбында челлендж өткізілді. #физкультминутка #зож #сергітусәті #явыбираюспорт #менспорттытаңдаймын #біртұтас_тәрбие #medetbekovameruert #aqmola.oblysy.birtutas_tarbie
13.09.2023
қмол ауылының ЖОББ мектебі ХАБАРЛАЙДЫ❗️ Мектепшілік “Өзін-өзі басқару ұйымы” мектеп президентін және ұйым мүшелері бола алатын белсенді оқушыларды іздестіруде!
05.09.2023
Ақмол ауылының ЖОББМ 5-11 сынып оқушылары "Мағжан Жұмабаев-заманның заңғар тұлғасы" тақырыбында диктант жазды.
01.09.2023
1 қыркүйек «Білім күніне» арналған «Мектебім —Мейірім мекені» атты бірыңғай сынып сағаты өткізілді. #Bilim_quni
01.09.2023
1 қыркүйек «Білім күніне» арналған «Мектебім —Мейірім мекені» атты бірыңғай сынып сағаты өткізілді. #Bilim_quni
01.09.2023
Бүгін 1 қырқүйек “Білім күні” аясында, мектебімізде «Мектебім — мейірім мекені» тақырыбында алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.Жиынға сыйлы қонақ ретінде Целиноград ауданы білім бөлімінің бас маманы Атыгаева Н.А. қатысты. 1 сынып оқушыларына, ата-аналары жылы лебіздерін білдіріп, жаңа оқу жылымен құттықтады.#Bilim_quni
25.08.2023
“Мектепке жол” республикалық дәстүрлі қайырымдылық акциясы аясында Бастауыш ӘБ ұстаздары әлеуметтік жағдайы төмен 3 оқушыға мектеп формасы, оқу құралдары негізінде материалдық көмек көрсетті. Рахмет сіздерге! Сауаптан болсын!