Текст
20.06.2023
Түркістан қаласында президенттің қатысуымен ұлттық құрылтай отырысы өтті. Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев отырыста не туралы айтты? Қысқаша (бір сөзбен айтқанда) ✏️ Әділетті Қазақстанды құру министрлер мен әкімдіктердің ғана қолында емес. Оған бүкіл қоғам болып жұмылуымыз керек; ✏️Шетелдіктерге қазақтың бір қарыс жерін де, бір уыс топырағында бермейміз; ✏️Азаматтарымыз қоғамдық орындар мен қоршаған ортаға да дәл сондай жанашырлықпен қарау керек; ✏️Смартфон баланың қолындағы кітаптың орнын баспауы керек; ✏️Мен қоғамда мемлекеттік аппараттың жұмысына қатысты біраз сын-пікірлер бар екенін білемін. Олардың басым көпшілігі орында; ✏️Әйгілі Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құран кітабы табылды Бұл-еліміздің рухани өміріндегі елеулі оқиға.
20.06.2023
Әкежан
20.06.2023
менің әкем ең мықты
20.06.2023
Әкелер күні
13.06.2023
Құрметті Ақмол ауылы тұрғындары Маусым айынан бастап “Smart digital school қосымша білім беру орталығы” оқушыларды ТЕГІН түрде білім алуға, заманауи үйірмелерге қатысуға шақырамыз. Оқу процесіндегі мақсатымыз оқушылардың ақыл-ой өрісін дамыту. ТЕГІН орын саны шектеулі. барлық сұрақ бойынша:
06.06.2023
«Ақмола облысы білім баскармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі Коммуналдық мемлекеттік мекемесі» сыбайлас жемкорлыққа қарсы комплаенс-қызмет ережесін бекіту туралы
«Ақмола облысы білім баскармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі Коммуналдық мемлекеттік мекемесі» сыбайлас жемкорлыққа қарсы комплаенс-қызмет ережесін бекіту туралы
02.06.2023
01.06 күні балалар күнімен тұспа тұс мектебімізде 11 сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау соғылды. Бүгінгі салтанатты жиынның қонақтары Целиноград ауданының Ақмол ауылының әкімі : Дүйсекеев Жанат Толеуұлы Аудандық мәдениет үйінің директорының орынбасары және Целиноград аудандық «Қазақ тілі қоғамдық бірлестігі» филиалының төрағасы: Каненов Олжас Боранбайұлы Түлектер алтын ұя мектебіне ән, жырларын арнай отырып, алғыс білдірді. Мектеп қабырғасындағы соңғы сынып сағаттарын қимастықпен өткізді. Келген қонақтар жас түлектерге сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
02.06.2023
"Аттандық бала шақтан, болашаққа" атты бастауыш сыныппен қоштасу салтанатты сап түзеу
02.06.2023
Оқу жылының аяқталуына арналған сап түзеу 5-6 сынып оқушылары үшін
02.06.2023
31.06 күні Оқу жылының аяқталуына байланысты және 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне "Тарихтан тағылым-өткенге тағзым" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.