Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

КИБЕРБУЛЛИНГ ДЕГЕН НЕ?

Жиырма жыл бұрын Миссисипи штатының Әділет министрлігінің киберқылмыстар (яғни ақпараттық технологияларды қолданумен жасалатын қылмыстар) бөлімінің криминолог-зерттеушісі Р.Махаффидің айтуынша Интернет «Жабайы Батыс» сияқты болған, яғни онда ешбір заң қолданылмаған және әркім қалағанын істей алған. Желілер мен сайттар арқылы тілдесуді жүзеге асырудың алғашқы түрлері қауымдарға көбірек ұқсас болған. Оларға қатысушылар тек онлайн ғана тілдесіп қоймай, көзбе-көз де кездесіп тұрған, әрі осы үдеріске соншалық көп адам қатыспаған. Содан кейін Интернетті пайдаланушылар саны күрт көбейіп кеткен. Сонымен бір мезетте Интернеттегі агрессия деңгейі де артқан. Агрессиямен бірге Интернетте кибербуллинг деген ұғым пайда болған. Сонда кибербуллинг деген не?

- Кибербуллинг (электрондық кеңістікте қудалау, онлайн қатыгездік) – бұл өзін-өзі қорғай алмайтын құрбанға қарсы бағытталған, электрондық жолмен әрекеттесу жолдарын қолданумен жалғыз немесе бір топ адам жүзеге асыратын ұзақ уақыт бойы жүйелі қуадалаудың, қасақана агрессияға толы әрекеттердің бір түрі. Бұл смс-хабарламалар, әлеуметті желілер, абыройды төгетін веб-парақшалар ашу немесе қорлайтын, тіл тигізетін бейнеконтент жариялау арқылы, т.б. жолдармен жасалады.

Кибербуллинг ұғымын Крэйг пен Пеплер (Craig W. & Pepler D.J.) 1997 жылы алғашқылардың бірі болып сөз еткен. Онда Интернет-алаңдарда қудалау – оқушылар арасына көзбе-көз емес, технологияландырылған қудалау тәсілін жөн көретін агрессияға толы қудалау- жайттары сипатталған.

Мен бүгін сендермен осы тақырыпта ашық сөйлескім келеді, әрі сендердің белсенді қатысқандарыңызды күтемін. Естеріңде болсын, мұнда дұрыс емес сұрақтар немесе жауаптар жоқ.

Бүгін күні барлығы, ересектер де, жастар да - Интернет желісін белсенді пайдаланушылар. Интернетте қудалау орын алып жатқанын, әрі өз арамызда орын алып жатқанын жасыру мүмкін емес. Жауап беріп көрейік. Өздеріңнен сұраңдар:

- Мен кибербуллинг құрбанымын ба?

- Қалжыңды келемежден қалай ажыратуға болады?

Барлық достар бір-бірімен қалжыңдасады, бірақ, кейде, әсіресе Интернетте, біреу көңіл көтеріп жатыр ма, әлде жаныңды жаралауға тырысып жатыр ма, дөп айту қиын. Кейде олар күлкіге айналдырып, «қалжың ғой» немесе «көңіліңе алма» дейді.

Бірақ, егер намыстарыңа тисе және басқалар сендермен бірге емес, сендерге күліп жатқанын сезінсеңдер, онда қалжың шектен шығып кетті. Егер сол адамнан қалжыңдауды доғаруын өтінсеңдер де, доғармаса және жандарыңды жаралауын тоқтатпаса, онда бұл буллинг болуы мүмкін.

Ал буллинг онлайн жасалса, онда көп адамдардың, сонымен қоса бейтаныс адамдардың жөнсіз килігуіне алып келуі мүмкін. Қай жерде болмасын, егер көңілдерің толмаса, бұған төзуге болмайды.

Қалай атасаңдар да өз еріктерің, егер намыстарыңа тисе және доғарылмаса, онда көмек сұрау керек. Кибербуллингті тоқтату – бұзақыларға үн қату ғана емес, барлық адамдар Интернетте те, шынайы өмірде де құрметке лайық екенін мойындау.

Буллинг Интернетте орын алғанда, сендерге барлық жерде, тіпті өз үйлеріңде шабуыл жасалып жатқандай сезім тууы мүмкін. Ешкім құтқара алмайтындай болып көрінуі мүмкін. Оның салдары ұзақ уақытқа созылып, адамға түрлі жолдармен әсер етуі ықтмал:

Ойша – адам өзін көңілі қалғандай, қысылғандай, ақымақ болғандай, тіпті ашуланғандай сезінуі мүмкін.

Эмоциялық жағынан – адам ұялуы немесе сүйікті істеріне қызығушылығын жоғалтқанын сезінуі мүмкін.

Физикалық жағынан – шаршау (ұйқыдан айырылуы) немесе іш және бс ауыруы сияқты симптомдар болуы мүмкін.

Біреу өзіңді күлкіге айналдырып жатқанын немесе басқа адамдар өзіңді қуадалап жатқанын сезіну адамдарды осы мәселе жайлы жақ ашпауына немесе оны өз бетінше шешуге тырысуына апаруы ықтимал. Аса күрделі жағдайларда кибербуллинг тіпті адамдарды өз-өзіне қол салуына алып келуі мүмкін.

Кибербуллинг бізге түрлі жолдармен әсер ете алады. Бірақ оны жеңуге болады, өз-өзімізгее деген сенімділікті және денсаулығымызды орнына келтіруге болады.

Жаңартылған күні: 16.11.2021 14:36
Құрылған күні: 16.11.2021 14:36

Текст