Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жалпы орта білім беретін Ақмол ауылының мектебі» КММ - нің оқушыларды тасымалдау кезінде қауіпсіз ережелерін сақтау бойынша өткізілген іс- шараларі 2021 – 2022 оқу жылы

Ағымдағы жылдың бірінші қыркүйегінен  бастап,  оқушылардың  оқу орнына және артқа тасымалдау  ұйымдастырылды.

          «Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің  шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын оқушыларды тегін мемлекеттік көрсетілген қызмет стандарты бойынша жалпы білім беру ұйымдарында және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдану үшін Жаңа Жол, Өтеміс және ЭПС ауылынан тасымалдау кестесі құрылып,  бекітілді.

Ағымдағы жылдың бірінші қыркүйегінен бастап,  Өтеміс ауылынан 96 оқушы,  Жаңа Жол ауылынан 5 оқушы,  ЭПС  ауылды мекеннен  4  оқушы тасымалданып оқытылады. Екі ауысымда оқитын оқушыларға мекетепке және кері қарай үйлеріне қарай тасылмалдану үшін 10 рейстен тұратын кесте құрылып, мектеп директорымен бекітілді. Оқу жылының тамыз айында мектеп автобусының техникалық жай – күйі тексерілді. Сонымен қатар мектеп бойынша  жол -  көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында жол қаіпсіздігі паспортын, балалардың «үй-мектеп – үй» қауіпсіз маршруттары әзірленді. Ай сайын сыныптарда «Қызыл, сары, жасыл», «Қауіпсіз доңғалақ», «Жаяу жүргіншілерге арнау», «Жол қауіпсіздік ережелері» тақырыбында  сынып сағаттар  өткізіліп отырады.

Жолда жүру ережелері бойынша мектеп дәлізінде  стент жасақталып, әр сыныпта ЖЖЕ бойынша сынып бұрыштары жабдықталды.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуын болдырмау туралы және жол қозғалысынының қауіпсіздігі тақырыбында мектеп автобусының жүргізушісімен нұсқамалар жүргізілді, сондай -  ақ балаларды көлікте отырғызу  және жүру, түсіру кезінде  міндетті түрде  апаттық дабыл жарығымен  жүру нұсқаулығымен  таныстырылды.  Мектеп автобустарында арнайы  дәрі дәрмек  қобдишасы бар.

          Күнде тасымалданатын оқушылармен еріп жүретін арнайы қызметкер Курбанова Айгүл Арипхановна қадағалау дәптерін үнемі толтырып, оқушыларды тасымалдауын  қадағалап, мектеп әкімшілігіне хабардар  беріп отырады.

Мектеп автобусының  ішінде «жедел жәрдем», «жол көлік сақшылары» байланыс телефондары көрнекті жазылған.

Мектеп    директоры                                                        А.А Яхина

Мектеп директорының тәрбие ісінің орынбасары             К.С Канапина

 

Жаңартылған күні: 15.02.2022 11:39
Құрылған күні: 15.02.2022 11:39

Текст