Целиноград ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «30 жыл, 30 асу, 30 белес» атты іс шаралар желісі өткізілді.
Іс-шара барысында ауданның 10 үздік мектептерінің озық тәжірибе тарату бойынша әдістемелік және қолөнер көрмелері, робототехника жұмыстары көрсетілді.
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына байланысты ғылыми конференция өткізілді. Конференцияға аудан мектептерінің үздік баяндамашылары қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.
Соңында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздікке тағзым» атты мерекелік іс-шара жүргізілді. Көрме ұйымдастырылды.
Көрмеге Ұсынылған материал "Педагогикалық менеджмент тәжірибесі"
Мақсаты:
Қазіргі заманғы тәсілдерге және басқарудағы педагогикалық өзгерістерді Құжаттаудың өзіндік тәжірибесіне негізделген мектепте білім беру сапасын басқарудың тиімді моделін әзірлеу.
Сонымен қатар Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай үздік баяндамашы қазақ тілі әдебиет мұғалімі Төлепберген Қарлығаш атанды.