Текст
Ақмол жалпы орта білім беретін мектебінде Целиноград ауданына қарасты мектептердің кітапхана қызметкерлерінің шұғыл жиыны өтті. Жиында барлық мектептердің кітапхана қызметкерлері қатысты. Жиында "Оқуға құштар мектеп" аймақтық жобаның жоспар бойынша жалпы жасалынып жатқан жұмыстары туралы айтылды. Ары қарай осы жобаның жанданып, қызу жұмыс жүруіне ұсыныстар мен тілектерде айтылды. Жиынды өткізген Целиноград ауданы білім бөлімінің адістемелік кабинеттің меңгерушісі Байбулатова М.К. және Целиноград ауданы білім бөлімінің кітапхана қызметкерлерінің әдіскері Мукашева Г.С.