Текст
18.09.2023
Мектеп бітіруші түлектерге кәсіптік бағыт-бағдар беру мақсатында ҰҚК қызметкері кездесу өткізді . Мақсаты: оқушыларға болашақта мамандық таңдауда дұрыс бағыт беру, өз мамандығын қателеспей таңдауға көмектесу. Кездесу соңында оқушылар сұрақтар қойып, қажетті ақпаратты алды.
18.09.2023
Өзге ұлт оқушыларының Ахмет Байтұрсынов шығармаларын мәнерлеп оқу сайысы Тәрбиелік мәні: Қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру. Ахмет Байтурсынов шығармаларымен танысу. Мемлекеттік тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыру
17.09.2023
12- қыркүйек күні “ Алаш зиялылары және қазақ тілі” атты сынып тыс іс - шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты XX ғасырдың басындағы қазақ зиялы қауымының айтқан көсем сөздері мен өлеңдерінің кейінгі ұрпақты ұлтжандылыққа, елін, жерін, тілін шынайы сүюге тәрбиелеу.
17.09.2023
Тілдер мерекесі күніне арналған онкүндік аясында Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай “Алаштың сөнбес жұлдызы - Мағжан” атты оқырмандар конференциясы өтті.
17.09.2023
5-6 сынып оқушылары арасында ана тілін дәріптеу мақсатында тіл туралы мақал-мәтелдерді жатқа айту іс-шарасы өткізілді
17.09.2023
8 д сынып оқушылары арасында " Ойлан, ізден, тап" атты интеллектуалды ойыны өткізілді. Мақсаты: оқушылардың ойлау, есте сақтау, қайта жаңғыртумен қатар тілге деген қызығушылықтарын арттыру
17.09.2023
Қазақстан халықтары тілдері мерекесіне орай ұйымдастырылған онкүндік аясында 8 қыркүйек күні 6 г сыныбында ағылшын тілі мұғалімдері Г.М. Туресаева мен М. М. Шайхисламованың ұйымдастыруымен «Who is the best» атты сыныптан тыс іс шара өткізілді. Шараның мақсаты - өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте демекші, балаларды ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу, ағылшын тілін үйренуге қызығушылығын арттыру. Шараға оқушылар үлкен белсенділікпен қатысты.
17.09.2023
13 қыркүйек күні 8"Б","В"сыныптар арасында тілдер күніне арналған интеллектуалдық сайыс өтті. Мақсаты: балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, білімді, жан-жақты болуға үйрету, бірнеше тіл үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, шапшаңдыққа баулу.
17.09.2023
Тілдер мерекесі онкүндігі аясында жоғары сынып оқушылары арасында өткен эссе жазу байқауы
14.09.2023
14 қыркүйек күні Ақмол аулының аудандық кітапханасында Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күніне орай, балалардың кітап оқуын насихаттау мақсатында, кітапханаға экскурсия жүргізіліп, оқушыларға түрлі кітаптар мен тегін үйірмелер жайлы толық мағлұматтар берілді.