Текст
19.10.2023
Ұстаздар, оқушылар және ата-аналар назарына! Өздеріңізге белгілі, жыл сайын ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат берілген оқулықтар тізімін бекітеді. Республикалық білім мазмұнын сараптау орталығы – аталған оқулықтарды мемлекеттік сараптамадан өткізумен айналысатын бірден-бір ұйым. Орталықтың ресми сайты – BMSO.EDU.KZ Ал білім беру ұйымдарына пайдалануға ұсынылған барлық оқулықтың PDF нұсқасы тек ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтында жарияланған. Яғни қолданыстағы барлық 1-11 сынып оқулықтарын аталған ресми сайттан тегін жүктеп алуға болады! Алайда кейбір ұстаздар мен оқушылар OKULYK.KZ сайтындағы оқулықтарды оқу процесінде пайдаланғаны белгілі болды. Құрметті ұстаздар және оқушылар! OKULYK.KZ – Оқу-ағарту министрлігімен байланысы жоқ, жеке меншік сайт. Сондай-ақ аталған сайтта мемлекеттік сараптамадан өтпеген оқулықтар да кездеседі. Сол себепті мұқият болуға шақырамыз! Тексерілген, ресми ақпараттар тек Оқу-ағарту министрлігінің және BMSO.EDU.KZ сайтында! _
18.10.2023
3 “А” сыныбында "Дұрыс тамақтану " тақырыбында сынып сағаты өтті. Жетекшісі: Абенова Айымкул Кабдуалиевна
17.10.2023
Ақмол ауылы жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-не Музейдің бас инженері Қуат Төлеуұлы Дүйсекеев Целиноград ауданы полиция бөлімімен бірлесіп 8 «г» сынып оқушылары үшін «Балаларды қорғаймыз» атты іс-шара ұйымдастырды. Өткізу мақсаты – балалар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және вандализм сөзінің түп тамырын түсіндіру, рухани мәдениет құндылықтарды қорғау, әдептіліктен аспау. Жасөспірімдердің ісімен айналысатын аға лейтенант Мұхтар Жүсіпұлы Қашкенов балалармен олардың өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін профилактикалық әңгіме өткізіп, «Вандализм дегеніміз не?» тақырыбында дәріс оқыды.
16.10.2023
“Ақмол жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-і “Төрт тоқсан - төрт өнер” жобасына сәйкес, “Домбыра менімен егіз бе едің” тақырыбында мектеп оқушылары күй шертті. Мақсаты: домбыра аспабын ұлықтау
16.10.2023
“Ақмол ауылы жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-не полиция бөлімінің бастығы Қанат Ағзамұлы Битаков келіп, «Жастар және қылмыс» «Жасөспірімдер суициді» және «Есірткі тарату жұмысының салдары» тақырыптарында дәрістер өткізді, сондай-ақ «Дабыл батырмасын» тексеріп, терроризмге қарсы қорғау шаралары бойынша нұсқаулық өткізді.
13.10.2023
8-9 сынып оқушылары "Ақын болсам ..." такырыбында эссе жазды.
13.10.2023
6-7 сыныптар арасында "Тарихқа тағзым" такырыбында викториналық ойын өткізілді. Ұйымдастырған тарих пәні мұғалімі: Каратаева А.А.
12.10.2023
Ақмол жалпы білім беретін орта мектебінің 8 сынып оқушысы Елубай Инабат 2023 жылдың 4-10 қазан күндері аралығында Өзбекстан елі,Навои қаласында Киокушинкай-кан-каратэ спорт түрінен """"Азия кубогы""" турниріне қатысып, жүлделі 2 орынды иеленді...
12.10.2023
"Мен және менің қауіпсіздігім" сынып сағттары өтті
12.10.2023
«Ақмол жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-нің психологтары Миллер Е.В., Хавдраш Ж жас мамандармен «Мен таңдаған мамандық» атты тренниг сабағын жүргізді. Тренинг барысында эмоционалды қарым-қатынасты оңтайлы орнатуға, мұғалімдер арасында ынтымақтастық атмосферасын құруға, өзіне деген сенімділікті арттыруға көмектесетін жаттығулар өткізілді. Мақсаты: жас мұғалімдердің табысты әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне ықпал ету.