Текст
15.11.2023
2023 жылғы 15 қараша күні “Ақмол ауылы жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де Арадгер ұстаздарға арналған мерекелік шара өтті. Білім және ғылым саласына өздерінің елеулі үлестерін қосып, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, әрі өнегелі тәлім-тәрбие берген ардагер ұстаздарымызға Қазақстан Республикасының оқу ағарту министрі Бейсембай Ғани Бектайұлының атынан алғыс хаттар табысталды.
15.11.2023
Ұлттық валюта күні
“15 қараша – Ұлттық валюта күні.”
Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, оқушылардың өзіндік көзқарастарын қалыптастырып, шығармашылыққа біліктерін дамыту. Туған жеріне , отанына...
14.11.2023
Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында 8-11 сынып оқушылар арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі өтті. Целиноград ауданы бойынша 25 оқушы қатысты. “Ақмол ауылы ЖОББМ” КММ-нің 11-сынып оқушысы Искаков Аңсар І орын алды✅ Құттықтаймыз!
07.11.2023
"Ақмол ауылы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-не жоғары сынып оқушыларымен «Жемқорлық мінез-құлықтың мәдени-тарихи факторлары» тақырыбында ақпараттық- түсіндірме жұмысы өткізуге Целиноград ауданының Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Д. Бауыржанқызы келді. Мақсаты - өскелең ұрпақтың бойына адалдық пен инабаттылық принциптерін сіңіре отырып, жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршамызға ортақ іс екені бәрімізге мәлім. Сондықтан да, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мектеп жасындағы кезден бастап көңіл бөлу керектігі жайлы дәрісте тоқталып өтті. Балаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды насихаттау және қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дағдыларды қалыптастыру, адалдық пен парасаттылыққа, сыбайлас жемқорлық сияқты жағымсыз әлеуметтік құбылысқа тұрақты қарсылыққа тәрбиелеу екендігін жеткізіп, ауданда осындай ақпараттық түсіндіру жұмысы атқарылып келе жатқандығы айтылды. Жалпы балаларды әртүрлі жағдайларда «жақсылық» пен «жамандықты» анықтауға, жақсы және жаман әрекеттерді анықтауға үйрету; өз іс-әрекеттері мен құрдастарының әрекеттерін бағалау қабілетін қалыптастыру жөн. Дәріс соңында оқушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып сұрақтарын қойды.
01.11.2023
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз
01.11.2023
9 сыныптар арасында "Егемендік- елдің баға жетпес игілігі" тақырыбында дебат- пікірсайысы өтті. Өткізген дебат клубының жетекшісі Канапина Қымбат Сериковна Мақсаты: Белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу.
27.10.2023
27 қазан күні мектебімізде «Қамқоршылар күні» мерекесі аталып өтті. Мерекеге мейірімін төккен, өз қамқорлығына алған отбасылар шақырылды. Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы мейірбандық, жомарттық, кеңпейілділік, бауырмалдық. Ана-әке деген сөздер баланың жанында мәңгі қалады. Ата-ананың аялы алақанын жоғалтпай, мейірімін шашып отырған осындай жандарға алғысымыз шексіз. Қайырымды бола білу үлкен іс, Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетіп. Жақсылықты жаса қолдан келсе егер, Біле білсең өзің үшін ол жеңіс-демекші «Қамқоршылар күні» мерекесімен құттықтаймыз!
27.10.2023
“Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де 2023 жылы 27 қазан күні мектеп Парламенті Президентін және “Өзін-өзі басқару” ұйымының мүшелерін ұлықтау кеші (инаугурация) өткізілді.
25.10.2023
Мемлекеттік қызметті көрсететін берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола обылысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі білім беру ұйымы. Заңды мекенжайы Ақмол ауылы , Гагарина көшесі 1/А. Ақмол ауылының ЖОББМ-е 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі: Құжаттарды қабылдау және білім беру ұйымына қабылдау үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру; Ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау үйде жеке тегін оқытуды балалардың денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайды бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру; Құжаттардың түпнұсқаларын беру негізгі орта, жалпы орта білім беру; Құжаттарды қабылдау немесе басқа білім беру ұйымына ауыстыру; Барлық білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер тегін негізінде көрсетіледі.
25.10.2023
“Ақмол ауылы ЖОББМ” КММ-нің директоры Аппасов Сагындык Бесимбаевич Республика күнімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. 25-қазан Республика күні құтты болсын!