Текст
19.02.2024
Ақмол ауылы ЖОББ мектебінің ұстаздары “Алтын әтеш” балабақшасының тәрбиеленушілеріне барып, 1 сыныпқа келетін балаларға түсініктеме беру жайлы және мектепке қажет құжаттар туралы ақпарат айтты
19.02.2024
Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан Демократиялық Республикасының шығарылғанына 35 жыл толуына орай “Ақмол ауылы жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де мектепішілік «Алау» әскери – патриоттық сайысы өткізілді✅ Мақсаты: Ауған соғысы, оған қатысқан ардагерлерді еске алу; Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу; Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету; «Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман , тек сенен есте қалған...» атты сайысқа 7-8 сынып оқушылары қатысты. Сайыстың ашылу салтанатына Ауған соғысының ардагерлері Аппасов Зейнулла Кабылдинович, Дюсекеев Жанат Толеуович , 44813 әскери бөлімінің сержанты Ахетов Маратбек Таттибекович , 3-ші сыныпты сержант Рахымжанов Олжас Каримжанұлы, 2-ші сыныпты сержант Танатбаев Сырлыбек Мырзагалиевич сонымен қоса, Дистергефт Владимир Гельмутович, Савчуков Николай Григорьевич, Ташкеев Талғат Сансызбаевич, Ирешева Махаббат Сансызбаевна қатысып оқушыларға өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Ауған соғысының ардагері Зейнулла Кабылдинович тарихи күннің маңыздылығына тоқталып, жауынгерлердің ерлігі мен жүріп өткен жолына, қайсар рухына тағзым ету әрбір жанның парызы екенін атап өтті. Жарысқа барлығы 13 команда қатысты. Оқушылар алдымен саптық дайындық бойынша және уақытқа АК-74 автоматын бөлшектеп қайта жинастырса, араларындағы білектілері белтемірге тартылудан күш сынасты, мергендіктерін шыңдап, газтұмылдырық кию бойынша жарысты. Сайыс барысында оқушылар қорғаныш құралдарын дұрыс пайдалану, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша да сынға түсті. Соңынан командалар арасында арқан тартысып, өзара мықтыларды анықтады. Армия балалар көзімен тақырыбында сурет, фотосурет көрмесі, қолдан жасалған бұйымдардан қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Сайыс соңында жеңімпаздар грамоталармен марапатталды.
09.02.2024
Балалармен жасөспірімдерге арналған жаднама
06.02.2024
7 “а” сыныбында ерлік сабағы өткізілді. Тақырыбы: “Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130-жыл”. Мақсаты: 1) оқушылардың бойына патриоттық сезімін қалыптастыру, ерлікке, Отаншылдыққа, елжандылыққа, бабалар ерлігін мақтан тұта жалғастыруға баулу; 2) ұлы тұлғалар туралы ойларын тереңдету,зерттеу еңбектерін сын тұрғысынан бағалай білуге үйрету,ізденгіштік қасиеттерін арттыру; 3) оқушылардың тарихи шығармалармен құжаттарды,архив материалдарды тиімді пайдалану,дағдысын қалыптастырып,ұлы адамдардың өмірінен үлгі алуға,олардың қадірлей білуге тәрбиелеу.
06.02.2024
“Талантты отбасы "
06.02.2024
Жас мамандарға арналған кезекті отырыста педагог -зерттеуші Рахметов Б.М. "Жаратылыстану пәндерін STEAM технологиясы арқылы оқыту" тақырыбында өлшеу параметрлерін өзгерту мүмкіндіктері арқылы оқушыларды шығармашылыққа жетелейтін технология мүмкіндіктерін ашып айтып, көрнекі көрсету арқылы өз тәжірибесімен бөлісті. Мектеп психологтары Миллер Е.В,Хавдраш Ж мұғалімнің кәсіби дамуының әрбір кезеңінде топтық жұмыс жасауға қолайлы жағдай жасау, топтағы белсенділікті арттыру, жұмысқа деген көңіл-күйді орнату мақсатында"Мен- заманауи ұстазбын" психологиялық тренинг сабағын ұйымдастырды.
06.02.2024
"Ақмол ауылының ЖОББМ" КММ учаскелік инспектормен 7-8 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесу аясында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша әңгіме өткізілді.
06.02.2024
В нашей школе в литературно - музыкальной гостиной “ Серебряные струны” прошёл вечер памяти Владимира Высоцкого. В вечере принимали активное участие 8,10,11 классов.✅ ✅Ребята читали стихи поэта, особенно хорошо выступили: Ильясова Эвелина, Оразбекова Дарина, Некрасов Даниил,Айдаргазинов Руслан. ✅Учащиеся 8 б класса выступили с музыкальной композицией ,песню “ Утренняя гимнастика”,исполнила учитель русского языка и литературы Гагиева Мадина Станиславовна. ✅На праздник были приглашены любители поэзии, родители учащихся. Провели вечер учителя Матвиевская Галина Васильевна и Гагиева Мадина Станиславовна.
06.02.2024
Қалдық заттардан қажетті зат жасайық!” Қалдық заттарға екінші өмір сыйла жобасы бойынша “Ақмол ауылы ЖОББМ” КММ-де көрме өтті ✅
06.02.2024
24 января в рамках декады ЕМЦ в школе прошёл географический калейдоскоп. В нем приняли участие 3 команды мальчиков✅ Юные знатоки географии соревновались в знании карты, нахождения географических координат. ✅Интересно прошёл турнир ораторов,в котором лучшим был ученик 10 в класса Зайцев Илья. ✅Лучшим географом признан ученик 8 б класса Айдаргазинов Руслан ✅Лучшей командой названа команда 10 в класса ✅Самой креативной - 8 в класс,самой активной - команда из 8 б ❗️Географический калейдоскоп провела педагог - исследователь Матвиевская Галина Васильевна