Текст
25.10.2023
24-ші қазан күні “Гүлдене бер, Қазақстан “ тақырынбында сынып сағаты жоспарға сай өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: Оқушыларды өз елін сүюге, Отанын құрметтеуге баулу.
25.10.2023
Өскелең ұрпақтың адамгершілік-патриоттық, азаматтық жауапкершілік сезімдерін ояту, жас ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, балаларды жалпыазаматтық құндылықтарға және мәдениетке тарту, сондай-ақ балалардың сурет, қолөнер шығармашылығын дамытуға және көпшілікке насихаттауға ықпал ету мақсатында 25 қазан Қазақстан Республикасы күніне орай 1-4 сынып оқушылары арасында суреттер көрмесі ұйымдастырылды.
25.10.2023
24.10.2023 сағат 12.00 Ақындар айтысы” челленджі өтті. Айтыс-ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Мақсаты: айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы ретінде дәріптеу, баға жетпес мәдени мұрамызды шешендік өнер арқылы таныту, балаларды ұлттық рух пен отансүйгіштік, өз халқына, салт-дәстүріне деген құрмет білдіруге тәрбиелеу, дарынды шығармашыл оқушыларды анықтау.
25.10.2023
Математика пәнінен Алтын түлек олимпиадасы басталды.
23.10.2023
25 қазан Республика күні қарсаңында мектебімізде 21 қазан Өзін-өзі басқару ұйымының мектеп президентін сайлауы өтті.
23.10.2023
📌2023 жылдың 20 қазанында “Ақмол ауылы ЖОББ мектебі” КММ-де мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
📌Тақырыбы:«Кәмелетке толмағандар арасында нашақорлық, есірткі қылмысы және қауіпсіздікті қамтамасыз ету» мәселелері./
Тема:Встреча с родителями по...
19.10.2023
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! 21 қазан күні сағат 8.00-ден 17.00- дейін мектебімізде “ МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІ” сайлауы өтетінін хабарлаймыз. ӨЗ ТАҢДАУЫНДЫ ЖАСА!
19.10.2023
Республика күніне орай жаппай ҚР Әнұраны орындалды
19.10.2023
Шарқырап алтын күндей азаттығы, Көрінер ұлтымның да ғажаптығы. Республика күнімен құттықтаймыз! Себебі ол ұлт күні, қазақ күні
19.10.2023
Тәлімгер ұстаз Джанзакова А.С. жас мамандармен «Қысқа мерзімді сабақ жоспарын тиімді жоспарлау» тақырыбында жұмыс жүргізді. Коучинг барысында сабақ мақсатын қоюдағы кемшіліктерге нақты тоқталып,қажетті кеңес берілді.Кері байланыс парағы толтырылып, рефлексия жүргізілді. Мақсаты :қысқа мерзімді жоспардың жалпы құрылымын сақтай отыра , құрылу жолын көрсету. Оқу мақсаты арқылы сабақ мақсатын дұрыс қоя білу жолдарын үйрету.