Текст
03.10.2023
Мектеп оқушыларының 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай "Қарттарға жылулық пен қамқорлық сыйлайық!" тақырыбында ашық хат әзірледі. ТАЛАП: -Сыни және креативті ойлау. -Дұрыс қарым-қатынас орната білу. АР-ҰЯТ: - Достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, мейірімділік таныту. - Өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну.
02.10.2023
“Ақмол ауылы жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-сі ХАБАРЛАЙДЫ 9 қазан күні сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін мектебімізде “МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІ” сайлауы өтеді. Мектеп ұжымы мен 5-11сынып оқушыларын дауыс беруге шақырамыз! ӘР АЗАМАТТЫҢ ДАУЫСЫ МАҢЫЗДЫ! ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ: -Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу. ТАЛАП: Дұрыс қарым-қатынас орната білу. АР-ҰЯТ: Адал еңбекті құрметтеу.
01.10.2023
ҚАРТТАР КҮНІ Мереке құтты болсын
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегінді еш етпейтін өмірде
Елің жұртың ұл мен қызың бағалар.
Ана мейір күн көзімен пара-пар.
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан К
өп жасаңдар аталар мен аналар!...
29.09.2023
«Ақмол ауылы ЖОББМ» КММ-де 29 қыркүйек күні, сағат 12.00-де өрт және төтенше жағдайлар туындаған жағдайда оку-жаттығу эвакуациясын ұйымдастыру және мектеп ғимаратында туындаған (шартты түрде) өрт ошағын ауыздықтау бойынша іс-шара өтті. Жаттығу тақырыбы: мектеп ғимаратынан балалар мен мектеп қызметкерлерін эвакуациялау және өрт ошағын сөндіру. Оку- жаттығу мақсаты: өрт және төтенше жағдайлар кезінде адамдарды мектеп ғимаратынан эвакуациялау дағдыларын жетілдіру, өрт ошағын дер кезінде сөндіру. Жаттығу екі бөлімнен тұрды. Эвакуацияның ұзақтығы 4 минутқа созылып, 570 оқушы қатысты. Қатысушылар құрамы: мектептің барлық қызметкерлері мен оқушылары, төтенше жағдай бөлімі қызметкерлері. Өрт дабылы бойынша мектеп ғимаратынан оқушыларды, оқытушыларды, техникалық персоналды дереу эвакуациялау жүргізілді. Эвакуациялау кезінде дыбыстық құлақтандыру жүйесі пайдаланылды. Мектеп оқушылары, оқытушылар, техникалық қызметкерлер негізгі және 4 қосалқы эвакуациялау жолдары арқылы мектеп ғимаратынан шығарылды. Эвакуацияға сигнал берілгеннен кейін, окушылар мұғалімнің көмегімен эвакуациялау жоспарына сәйкес эвакуациялық шығу жолдары арқылы далаға шықты. Сыртқа шыққаннан кейін барлығы мектеп стадионына жиналды, оқушылар арасында дүрбеленнің пайда болуына жол берілмеді. Осы мақсатта өрт шыққан сәттен бастап және оқушылар толық эвакуацияланғанға дейін мектеп әкімшілігі сынып жетекшілері оқушылармен үнемі бірге болды. Жаттығуға басшылықты мектеп директоры Аппасов С.Б. мырза жасады. Жаттығудың екінші бөлімінде өрт сөндіру қызметкерлері өз шеберліктерін көрсетті. Шартты түрде химия кабинетінде шыққан өртті, өрт сөндірушілер тез ауыздықтады. Олардың кәсіби шеберліктеріне окушылар куә болды. ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ: Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болу. ТАЛАП: Физикалық белсенді болу. АР-ҰЯТ: Өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну. #Біртұтас_тәрбие #oqu_agartu_ministrligi #Біртұтас_тәрбие_целиноград_ауданы #medetbekovameruert #aqmoedu #өзінөзібасқару #Ақындарайтысы #төрттоқсан_төртөнер #дебат @aqmola_daryny @aqmoedu @aqmola_metod_center
29.09.2023
“Алтын сақа” олимпиадасы
“Ақмол ауылы ЖОБМ” КММ-де 29 қыркүйек күні, 5-6 сыныптар арасында мектепшілік “Алтын сақа” олимпиадасының, математика пәнінен бірінші кезеңі өтті. Алғашқы кезеңнен өткен оқушылар: 5”В” сынып оқушысы Тулеген Алмаз 5”Д” сынып оқушысы Қылышбек...
28.09.2023
Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 5 қазан - Дублер күніне орай дайындық жұмыстары басталды. Мақсаты: мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру, білім алушылардың көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін дамыту. ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ: Қоғам игілігі үшін қызмет ету. ТАЛАП: Жеке және командамен жұмыс істей білу. АР-ҰЯТ: Шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну. #Біртұтас_тәрбие #oqu_agartu_ministrligi #Біртұтас_тәрбие_целиноград_ауданы #medetbekovameruert #aqmoedu #өзінөзібасқару #Ақындарайтысы #төрттоқсан_төртөнер #дебат @aqmola_daryny @aqmoedu @aqmola_metod_center @tselinogradsk
28.09.2023
"Ақберен" республикалық өнер байқауының мектепішілік кезеңі өткізіліп, жүлделі орын алған оқушылар аудандық кезеңге қатысуға жолдама алды. ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ: Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту. ТАЛАП: Білуге, жаңаны тануға құштар болу. АР-ҰЯТ: Өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну. #Біртұтас_тәрбие #oqu_agartu_ministrligi #Біртұтас_тәрбие_целиноград_ауданы #medetbekovameruert #aqmoedu #өзінөзібасқару #Ақындарайтысы #төрттоқсан_төртөнер #дебат @aqmola_daryny @aqmoedu @aqmola_metod_center
28.09.2023
Психологтың сөзіне сүйенсек, жасөспірімдер арасындағы буллинг – кешенді тәсілді қажет ететін мәселе. Мектептегі қудалаумен бала жалғыз өзі емес, бүкіл тарап – оқушының өзімен қатар ата-ана мен мұғалім де күресуі керек. Буллингке ұшырағандарға айтылатын алғашқы кеңес – маманның көмегіне жүгінген жөн. Мектеп психологі бұл мәселелерді жік-жікке бөліп айтып берді. #Біртұтас_тәрбие #oqu_agartu_ministrligi #Біртұтас_тәрбие_целиноград_ауданы #medetbekovameruert #aqmoedu #өзінөзібасқару #Ақындарайтысы #төрттоқсан_төртөнер #дебат @aqmola_daryny @aqmoedu @aqmola_metod_center @tselinogradsk
28.09.2023
Құрметті ата-аналар! Барлық оқушылар қолайлы оқу жағдайын жасау үшін ауа райы жағдайына қарамастан мектепке ауыстыратын аяқ киім әкелуі қажет. Бұл мектеп оқушыларының денсаулығын сақтаумен байланысты. 4-5 сағатын мектепте өткізетін балалар көше шаңын жұтпауы керек. #Біртұтас_тәрбие #oqu_agartu_ministrligi #Біртұтас_тәрбие_целиноград_ауданы #medetbekovameruert #aqmoedu #өзінөзібасқару #Ақындарайтысы #төрттоқсан_төртөнер #дебат @aqmola_daryny @aqmoedu @aqmola_metod_center @tselinogradsk
26.09.2023
Жадынама