Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мұғалімдер күніне арналған іс-шарамыздың екінші бөлімінде білім ошағында еңбек еткен ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіліп, арнайы ақ дастархан жайылды. Мектеп директоры С.Аппасов қазыналы қарттарды мерекемен құттықтады. Ардагер ұстаздардың білімді ұрпақ тәрбиелеуде сіңірген еңбегі өлшеусіз екенін айтып, алғыс білдірді. Өнерлі жастарымыз тамылжытып ән шырқады. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» дейді халқымыз. Ардагер ұстаздар мектебіміздің қазынасы. Олардың ерен еңбегі, жүріп өткен жолы жас буын үшін үлгі өнеге. Мектеп ұжымы ардагер ұстаздарды мереке қарсаңында ғана емес, әрдайым құрмет тұтады. «Қартың болса жазып қойған хатпен тең» демекші ардагер ұстаздардың тәжірибесі, біліктілігі жас маманға теңдесіз үлгі болмақ.

05.10.2023
Просмотров: 319


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст