Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмол ауылы ЖОББМ» КММ-де 29 қыркүйек күні, сағат 12.00-де өрт және төтенше жағдайлар туындаған жағдайда оку-жаттығу эвакуациясын ұйымдастыру және мектеп ғимаратында туындаған (шартты түрде) өрт ошағын ауыздықтау бойынша іс-шара өтті. Жаттығу тақырыбы: мектеп ғимаратынан балалар мен мектеп қызметкерлерін эвакуациялау және өрт ошағын сөндіру. Оку- жаттығу мақсаты: өрт және төтенше жағдайлар кезінде адамдарды мектеп ғимаратынан эвакуациялау дағдыларын жетілдіру, өрт ошағын дер кезінде сөндіру. Жаттығу екі бөлімнен тұрды. Эвакуацияның ұзақтығы 4 минутқа созылып, 570 оқушы қатысты. Қатысушылар құрамы: мектептің барлық қызметкерлері мен оқушылары, төтенше жағдай бөлімі қызметкерлері. Өрт дабылы бойынша мектеп ғимаратынан оқушыларды, оқытушыларды, техникалық персоналды дереу эвакуациялау жүргізілді. Эвакуациялау кезінде дыбыстық құлақтандыру жүйесі пайдаланылды. Мектеп оқушылары, оқытушылар, техникалық қызметкерлер негізгі және 4 қосалқы эвакуациялау жолдары арқылы мектеп ғимаратынан шығарылды. Эвакуацияға сигнал берілгеннен кейін, окушылар мұғалімнің көмегімен эвакуациялау жоспарына сәйкес эвакуациялық шығу жолдары арқылы далаға шықты. Сыртқа шыққаннан кейін барлығы мектеп стадионына жиналды, оқушылар арасында дүрбеленнің пайда болуына жол берілмеді. Осы мақсатта өрт шыққан сәттен бастап және оқушылар толық эвакуацияланғанға дейін мектеп әкімшілігі сынып жетекшілері оқушылармен үнемі бірге болды. Жаттығуға басшылықты мектеп директоры Аппасов С.Б. мырза жасады. Жаттығудың екінші бөлімінде өрт сөндіру қызметкерлері өз шеберліктерін көрсетті. Шартты түрде химия кабинетінде шыққан өртті, өрт сөндірушілер тез ауыздықтады. Олардың кәсіби шеберліктеріне окушылар куә болды. ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ: Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болу. ТАЛАП: Физикалық белсенді болу. АР-ҰЯТ: Өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну. #Біртұтас_тәрбие #oqu_agartu_ministrligi #Біртұтас_тәрбие_целиноград_ауданы #medetbekovameruert #aqmoedu #өзінөзібасқару #Ақындарайтысы #төрттоқсан_төртөнер #дебат @aqmola_daryny @aqmoedu @aqmola_metod_center

29.09.2023
Просмотров: 382


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст