Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қауіпсіз мектеп автобусы» атты республикалық акция өтті.

19.10.2020

N5 Ақмол орта мектебінде  2 қазан мен 10 қараша аралығында «Қауіпсіз мектеп автобусы» атты республикалық акция өтті. Мектебімізде «Қауіпсіз  мектеп автобусы»  акциясының іс-шаралар  жоспары жасалынып, бекітілді. 

Акция «Қауіпсіз мектеп автобусы үшін!» ұранымен өтті.
Акцияның мақсаты: балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде  жол – көлік оқиғаларының алдын алу.

Акцияның мазмұны мен форматы:

Республикалық акция балаларға, ата аналарға және қоғамға қауіпсіз жол қозғалысы және балаларды тасымалдау ережелері туралы ескертпе болуы тиіс. Жолда, көлікте қауіпсіздік ережелер туралы, сонымен қатар алғашқы көмек көрсету тәсілдері және шұғыл қызметтер туралы балалар мен ата-аналардың, қоғамның назарын аудару.

Аталмыш мектепте барлық  сынып жетекшілер   балалардың  жол қозғалысы ережелерін сақтау және өмір қауіпсіздігі  бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Сонымен қатар «Жол қозғалысы ережелерін сақтау» тақырыбында  тәрбие сағаттарын өткізді.

Просмотров: 242


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст