Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

« Жас мамандардың педагогикалық- кәсіптік шеберлігін арттыру» (Әдістемелік коучинг).

16.10.2020

Коучинг тақырыбы: « Жас мамандардың педагогикалық- кәсіптік шеберлігін арттыру»    (Әдістемелік  коучинг).

Мақсаты:  Жас мамандарды педагогикалық жаңашылдыққа үйрету.Оларға әдістемелік көмек көрсету арқылы педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерін  дамыту.

Кіріспе. Ұстаз... Жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген ,көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын, алғыр да, аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар- намысын ардақтайтын, жақындарына да , жат адамдарына да әділ,  бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.

Ендеше,  нағыз осындай атаққа ие болатын, мектеп есігін кеше ғана ашқан жас мамандарымызға сәттілік  тілейік! Құрметті қонақтар,  Бүгінгі кешімізге қош келдіңіздер!

Ұстаз болу- жүректің батырлығы,

Ұстаз болу- сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу- мінездің күн-шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы.-деп, ұлы ақын, ұстаз- Ғ.Қайырбеков атамыз жырлағандай бүгінгі кешімізді  бастауға рұқсат етіңіздер.

1. Танысу: Біз  бұл ұстаздарды жас маман ретінде танимыз, сондықтан да

«Көптің жүзін білгенше, бірдің атын біл» деген, - өзімізді таныстырып жіберейік..

2.     «Өзіңді тереңірек тани біл».

Сіздер көріп тұрған жеміс-жидектерден өзіңізге ұнайтын бір жемісті таңдаңыз,,Сол жеміс арқылы сіздің мінез-құлқыңыз қандай екенін анықтайтын боламыз.Таңдаған жеміс-жидектің өздеріңізге ұнайтын себебін түсіндіріңіз«Нағыз ұстаз моделіне постер қорғау».

1-топ: «Нағыз ұстаз моделі»     (мұғалім көзімен)

2-топ:  «Нағыз ұстаз моделі»    (оқушы көзімен)

3-топ:  «Нағыз ұстаз моделі».  ( Ата-ана көзімен )

4- топ:  « Нағыз ұстаз моделі»    ( Әнші  көзімен ).

  1. Ұстаздардың сезіміне психологиялық  бақылау.

Әр  жас маманға  суреттер таратылады,сол суреттерге қарап, суретті сөйлету керек.

1.Ақ қағазға салынған төртбұрыш ішінде қара нүкте орналасқан.

2. Жарқын шуағын төккен күн астында әр ұлттың балалары қол ұстасып тұрғаны бейнеленген.

3. Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар,жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген.

( Көрермендермен жұмыс).

Ұстаз, білім туралы  нақыл сөздер, мақал-мәтелдер айту.

Жас мамандардың жұмысын тыңдау.

Рефлексия. Кері байланыс.

«Тілек шамы».

Қатысушылар жанып тұрған шамды алып, бүгінгі коучингтен алған  әсерлерімен бөлісіп, бір-біріне тілек айтып, шамды ұсынады..

Соңынан өзім алып:

Әрбір мұғалімнің жаңаша жұмыс істеп, үнемі ізденісте болуы бүгінгі күннің талабы болса, мектептегі басты тұлға- мұғалім.

      Ы. Алтынсарин сөзімен айтсақ, мұғалім- мектептің жүрегі бола берулеріңізге тілектеспін .Өздеріңіз таңдаған  кәсіби мамандықтарыңызды ары қарай дамытып, жоғарыдан көріне беріңіздер, - деп, жүрекше шарды барлық қатысушыларға сыйлай отырып, бүгінгі жұмысымды аяқтаймын.

Просмотров: 915


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст