Такенова Сайран Касимбековна,
бастауыш сыныптар мұғалімі
Мақсаты:
1. Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып, жұмыс істей білуге және өз білімдерін көрсетуге үйрету.
2. Оқушылардың сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру.
3. Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Жан-жақты білімділікке, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар, сайысқа қатысушы үміткерлер, «Өнерлі өрге жүзер» атты білімділер сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі сайысқа барлығы 2 топ қатысады. Әр топ құрамында 11 оқушыдан.
Сайыста әртүрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасын сайлап алайық.
(Әділ –қазылар алқасы сайланады)
Асып әсте саспайық,
Батыл қадам бастайық.
Еркіңді билеп барынша,
Жарыста сірә қалыспа!
Сайыс қызығын балалар,
Осылайша шабытпен,
Кәне енді бастайық.
- Алдарыңызда «ЫНТЫМАҚ» және «БІРЛІК» топтары.
Сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейік. Сайыс 7 айналымнан тұрады. Топтар әр кезеңнің қорытындысы бойынша ұпай жинайды. Жетінші айналымнан кейін барынша көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.
Алдымен, осы айналымды бірінші бастайтын топты анықтап алайық. «Су-ли-фа» деп аталатын ойынның көмегімен бірінші бастайтын топты анықтаймыз.
Бірінші айналым: Әр топ өздерін таныстырып өтсін. «Бірлік» тобының көшбасшысы Ернұр өз тобының мүшелерімен таныстырады.
1-топтың аты «Бірлік»
Ұраны: «Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ,
Ұйым жоқ болса, күйің жоқ»
Топқа сұрақ: Бүгінгі сайысқа қандай дайындықпен келдіңдер және не күтесіңдер?
- Бәрекелді, олай болса, сендерге сәттәлік тілеймін.
2-топ көшбасшысы Салауат өз достарымен таныстырады.
2- топтың аты: «Ынтымақ»
Ұраны: «Ынтымақ жүрген жерде,
Ырыс бірге жүреді»
Топқа сұрақ: Бүгінгі сайыста жеңіске жету үшін не істейсіңдер?
Екінші айналым: «Білгенге – маржан». Топтарға оқу бағдарламасының аясында әзірленген 10 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан алады.
1- топ
1. Білім күні қай күн? (1 қыркүйек)
2. Салмақ өлшем бірліктері? (г, кг, ц, т)
3. Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған кім? (Абай)
4. Жеміс пайда болатын мүшені ата. (Гүл)
5. «Сабырсыз, арсыз, еріншек» кімнің өлеңі? (Абай)
6. Мәтін түрлерін ата. (сипаттау, әңгімелеу, пайымдау)
7. Қазақстанның бас қаласы қалай аталады? (Астана)
8. Құрлық бетінің тегіс алқабы? (жазық)
9. Үш биді ата. (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
10. Қазақтың атақты палуаны. (Қажымұқан)
2-топ
1. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров)
2. Абылай ханның шын аты кім? (Әбілмәнсұр)
3. Қазақтың ұлттық аспабы? (домбыра)
4. Уақыт өлшем бірлігі? (сек, мин, сағ, тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр)
5. Өсімдіктер тіршілігіне қажетті жағдайларды ата. (ауа, су, жылу, жарық, қоректік заттар)
6. Үш арсызды ата. (ұйқы, тамақ, күлкі)
7. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері кім? (Құрмаш)
8. Сөйлем мүшелерін ата. (бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш)
9. Көкжиектің негізгі неше тұсы бар? (4)
10. Ағаш басында 10 балық өсіп тұр. Одан Олжас келіп, 3 балықты үзіп алып кетті. Ағаш басында неше балық қалды?(балық ағашта өспейді)
Үшінші айналым «Кім жылдам?»
Топтарға қазақ әліпбиінен кез келген бір әріп беріледі. Топтар 1 минут уақыттың ішінде сол әріптен басталатын бір сөз ойлайды, келесі сөз сол сөздің соңғы дыбысынан басталуы керек. Келесі сөздер осы заңдылықпен жалғасады. Адам атары мен жер-су, қала атаулары есепке алынбайды. Нәтижесінде, барынша көп сөз жасаған топ сонша ұпай алады.
Төртінші айналым «Математик» деп аталады
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.
Математика әлемі.
1-топ:
1. 3 қойдың неше аяғы бар? (12 аяғы бар)
2. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса, оның салмағы қанша? (3 кг)
3. Ағаш бұтағында 100 торғай отырады, аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалды? (Торғайлар қалмайды ұшып кетеді.)
4. 1 метрде неше см бар? (100 см бар.)
5. 3 бірдей қалам 180 теңге тұрады. Бір қаламның бағасы қандай? (60 тг)
2-топ:
1. Бес тырнаның неше аяғы бар? (10 аяғы бар.)
2. Бір жанұяның 5 ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяда қанша баласы бар? (6 бала)
3. 1 кг тұз ауыр ма, 1000 грамм мақта ауыр ма? (Екеуінің салмағы бірдей.)
4. 1 дм-да неше см бар? (10 см бар)
5. 4 альбом үшін 200 теңге төленді. Альбомның бағасы қандай? (50 тг)
Бесінші айналым «Ұшқыр ой» деп аталады
Балмұздақ
Екі топқа ортақ сөз беріледі. 1 минуттың ішінде сол сөздің құрамындағы әріптерден жаңа сөздер құрау керек. Әр құраған сөзге 5 ұпайдан қосылады.
Алтыншы айналым – «Құпия кітапша» деп аталады
Бұл сайыста мен жұмбақ жасырамын. Әр топқа бес жұмбақ беріледі. Жауабын екі тілде айту керек. Екі тілде айтса 10 ұпай, бір тілде айтса, 5 ұпай беріледі.
1- топ
1. Жұдырықтай қызыл шар,
Тілді үйірген шырын бал. (алма - яблоко)
2. Мұртымен туады,
Мұртын күнде жуады. (мысық - кошка)
3. Жаны жоқ болса да,
Ақылды адамның ісін істейді. (кітап-книга)
4. Тілі жоқ өзінде, сөзі бар ізінде. (қалам- ручка)
5. Қыста жерді басады,
Жазда сайға қашады. (қар- снег)
2- топ
1. Жеті қазынаның бірі,
Адамды қорғап жүреді. (ит - собака)
2. Жүз теңгең болғанша,
Жүз кімің болсын? (дос - друг)
3. Сағат сайын қағылады,
Тек мектептен табылады. (қоңырау - звонок)
4. Маған да, саған да
Жақын туыс бес адам.
Үш әріптен тұратын,
Оңға оқы, солға оқы,
Өзгермейді еш одан.
Бәрі де өз жұртың
Айтады кәне, кім атын? (ата - дедушка, ана - бабушка, апа - сестра, аға - брат, іні - братишка)
Жетінші айналым - «Жорға»
10 сұрақ қойылады. Топтар неше сұраққа жауап берсе, сонша ұпай жинайды.
1- топ
1. Жылданқұр қалған жануар? (түйе)
2. ҚР-ның мемлекеттік тілі қай тіл? (қазақ тілі)
3. Басты байлық? (денсаулық)
4. Қара алтын? (мұнай)
5. Ұя салмайтын құс? (көкек)
6. 12 айда неше жыл бар?(1 жыл)
7. Абайдың әжесі кім? (Зере)
8. Адам денесінің тірегі не? (қаңқа)
9. Күйді орындаушы кім? (күйші)
10. Жүннен жасалатын бұйым? (киіз)
2- топ
1. Жыл басы не? (тышқан)
2. Ақ алтын не? (мақта)
3. Абайдың анасы кім? (Ұлжан)
4. Бейбітшілік құсы? (көгершін)
5. Ең жақын адам? (ана)
6. Қыста жейтін малдың еті? (соғым)
7. Футболшының алаңдағы ойын заты? (доп)
8. Балаларға білім беретін маман иесі? (мұғалім)
9. Екі ақынның сөз өнері? (айтыс)
10. Көне заттарды сақтайтын орын? (мұражай)
Топ басшыларына Блиц-сұрақтар «Ия» немесе «жоқ»
1-топ
1. Бұғы – жануар
2. Терек – жапырақ
3. Үкі – құс
4. Теңіз – табиғат аумағы
5. Арыстан – жануар
6. Шырша – өсімдік
7. Жапалақ – құс
8. Арқар – жануар
2-топ:
1. Тиін – жануар
2. Өзен – табиғат аумағы
3. Ақ қайың – жануар
4. Емен – өсімдік
5. Құлын – жыртқыш аң
6. Қасқыр – аң
7. Тырна – өсімдік
8. Марал – жануар
Қорытынды
Әділ қазыларға сөз беріледі.
Жеңген топты анықалады. Марапаттау рәсімі.
Мұғалім:
Ойын толқып жатқандай асып-тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл сайыстан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, - дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.