Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан Демократиялық Республикасының шығарылғанына 35 жыл толуына орай “Ақмол ауылы жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де мектепішілік «Алау» әскери – патриоттық сайысы өткізілді✅ Мақсаты: Ауған соғысы, оған қатысқан ардагерлерді еске алу; Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу; Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету; «Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман , тек сенен есте қалған...» атты сайысқа 7-8 сынып оқушылары қатысты. Сайыстың ашылу салтанатына Ауған соғысының ардагерлері Аппасов Зейнулла Кабылдинович, Дюсекеев Жанат Толеуович , 44813 әскери бөлімінің сержанты Ахетов Маратбек Таттибекович , 3-ші сыныпты сержант Рахымжанов Олжас Каримжанұлы, 2-ші сыныпты сержант Танатбаев Сырлыбек Мырзагалиевич сонымен қоса, Дистергефт Владимир Гельмутович, Савчуков Николай Григорьевич, Ташкеев Талғат Сансызбаевич, Ирешева Махаббат Сансызбаевна қатысып оқушыларға өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Ауған соғысының ардагері Зейнулла Кабылдинович тарихи күннің маңыздылығына тоқталып, жауынгерлердің ерлігі мен жүріп өткен жолына, қайсар рухына тағзым ету әрбір жанның парызы екенін атап өтті. Жарысқа барлығы 13 команда қатысты. Оқушылар алдымен саптық дайындық бойынша және уақытқа АК-74 автоматын бөлшектеп қайта жинастырса, араларындағы білектілері белтемірге тартылудан күш сынасты, мергендіктерін шыңдап, газтұмылдырық кию бойынша жарысты. Сайыс барысында оқушылар қорғаныш құралдарын дұрыс пайдалану, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша да сынға түсті. Соңынан командалар арасында арқан тартысып, өзара мықтыларды анықтады. Армия балалар көзімен тақырыбында сурет, фотосурет көрмесі, қолдан жасалған бұйымдардан қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Сайыс соңында жеңімпаздар грамоталармен марапатталды.

19.02.2024
Просмотров: 141


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст