Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бүгін ата-аналар жиналысы онлайн-форматта өтті

02.04.2020

Білім министрлігінің 31.03 күнгі N121 бұйрығы бойынша Ақмол орта мектебінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жөнінде сыныптарда онлайн ата- аналар жиналысы өтті. Жиналыста оқушылар онлайн сабақта неге баса назар аудару керек туралы айтылды.
Ата- аналар жиналысының күн тәртібі:
1. VI тоқсан бойынша  қашықтан оқыту жүйесі мен кесте
2. Қашықтықтан оқыту барысы туралы түсіндірме
3. СОVID19 және  сақтану жолдары
4. Төтенше жағдай кезінде балалардың күн тәртібі.
Қашықтан оқытуды ұйымдастыру жөнінде ата-аналар мен оқушыларға арналған жадынама:
🖊️ сабақтың басталу уақыты ..... (кейін хабарланады);
🖊️ сабақ кестесі оқушының жұмыс орнына (көрінетін) жақын жерде болуы керек;
🖊️ сабақтар қатаң түрде уақытында өткізіледі (кесте бойынша);
🖊️ компьютер (телефон) толығымен зарядталған болуы тиіс, кешке дайындап қойған жөн;
🖊️ арнайы сабақ оқу орны белгіленуі шарт;
🖊️ сабаққа уақытында қосылыңыз: сабақ басталуға 5 минут қалғанда;
🖊️ балалардың жуынып, таранып, ұқыпты киінуі маңызды (жатынкиім мен халаттарда емес);
🖊️ Бөлмеде қатаң тыныштық сақталуы тиіс, сыртқы дыбыстарды өшіруіңіз керек. Сабақ уақытында  отбасындағы басқа балалар мен үй жануарларының кедергі келтірмеуін назарда ұстаңыз;
🖊️ сабақ барысында балалардың  бөлмеден шықпауы, орынсыз тамақтанбауы, басқа бөгде заттарға алаңдамауы, онлайн сабақтан шығып кетпеуі назарда болуы керек;
🖊️ егер мұғалім сұрақ қойса, компьютердегі арнайы тетікшені қолданып қолыңызды көтеріп жауап бере аласыз;
🖊️ оқушы мұғалімнің нұсқауларын қатаң орындауы керек;
🖊️ мұғалімге сұрақтар сабақтың түсіндірмесінен кейін, яғни мұғалім сұраған кезде ғана қойылады;
🖊️ сабақты түсіндіру кезінде ата-аналар мен балаларға чатта жазуға тыйым салынады;( тек дыбыс болмай, естілмей қалған жағдайда ғана рұқсат беріледі);
🖊️ балаға жауап бергенде орнынан тұрудың қажеті жоқ;
🖊️ мұғалімнің рұқсатынсыз суретке, бейнетаспаға  түсіруге, жүргізілген сабақты әлеуметтік желілерде жариялауға  қатаң тыйым салынады;
🖊️ сабақ барысында ата-аналарға араласуға шектеу қойылады;
🖊️ сабақта оқушының себепсіз қатыспай қалғаны  үшін ата-ана жауап береді.

Просмотров: 395


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст