Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

АЛЖИР мұражай-мемориалдық кешенінде «Есірткіге тыйым салайық!» тақырыбында іс-шарасы өтті

27.02.2020

АЛЖИР мұражай-мемориалдық кешенінде «Есірткіге тыйым салайық!» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Мақсаты оқушылар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша жұмысты жандандыру; есірткіні қолданудың себептері, нысандары мен салдары туралы ақпаратты таратуға көмек көрсету. Іс-шараға Целиноград аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, № 5 Ақмол орта мектебінің оқушылары қатысты.

Полиция бөлімінің полиция қызметкері Асанбаев Эрик оқушыларға есірткіні қолдану тек әкімшілік жауапкершілікке ғана емес, сонымен бірге адамның физикалық және психикалық жағдайына да қайтымсыз өзгерістер әкелетінін айтты. Сонымен қатар, ол өз сөзінде полиция бөлімшесінің Целиноград ауданының аумағында тұратын девиантты мінез-құлқы бар жасөспірімдермен жұмыс жасау нысандары мен әдістерін атап өтті. Оқушылар  көптеген сұрақтар қойып, сенімді жауаптар алды. №5 Ақмол орта мектеп психологы Хожатова Раушан Естайқызы есірткіні қолданудың салдары туралы айтты.

Просмотров: 321


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст