Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбында өткізілген онкүндікте атқарылған іс-шаралар

20.02.2020

2020 жылдың 3-12 ақпан аралығында  «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбында өткізілген онкүндіктегі іс-шаралар

Қазіргі таңда келешек ұрпақтың адамгершілік рухани құндылықтарын дамыту арқылы білім беру мәселесі алға қойылып отыр. Жаңа ғасыр толқыны әкелген жаңалықтарға сәйкес қазіргі заманда адамның тұлғалық дамуына баса назар аударылып, жас жеткіншектерге берілетін білім негіздері олардың жеке даралық қабілеттерін жетілдіруге қызмет етеді. Осы орайда Сара Алпысқызы Назарбаева жас ұрпақтың адамгершілік-рухани дамуы бойынша кең көлемде «Өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасын ұсынды. Автордың ойынша, даналықтың шыңы, ол- махаббат, ол — бақыттың құпиясы, ол-адамның өзін-өзі тануы, бақыт пен өмірлік табысқа жету үшін өзінің шексіз мүмкіндіктерін аша алуы. Бұл пән жеке тұлғаның өзін-өзі тануына және рухани баюына әсер ете отырып, әрбір тұлғаның жақсы жаққа өзгеруіне мүмкіндік береді. Адамгершілік-рухани тұрғыдан дәріс алған балалар өмірлік маңызды құндылықтар жүйесін зерделейді, рухани және материалдық арақатынас мәселесін пайымдай отырып өзіндік көзқарастарын шыңдай түседі. Өзін-өзі тану пәнінің негізінде №5 Ақмол орта мектебінде  3 - 12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану» пәнінің «махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты тақырыбында онкүндік өткізілді. Онкүндіктің  мақсаты: Оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дарыту, пән мұғалімдерінің өзара іс-тәжірибе алмасуына жағдай жасау.

 Өткізілген іс-шараларға тоқталар болсақ:                                                                                                     

3  ақпан күні «Өзін- өзі тану» :Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»  атты    өзін-өзі тану пәнінің онкүндік декаданың салтанатты ашылуы өтті.  Салтанатты ашылуда онкүндіктің жоспарымен таныстырып өтілді және оқушылар флешмоб билеп, «Жүректен жүреукке» тренингтер өткізді. Кітапханашы  Кулмагамбетова Г.Б «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы С.А Назарбаеваның  құрметіне  «Мейірім төгетін ана» тақырыбында кітап көрмесін өткізді. Көрмеге 7-8 сынып оқушылары қатысты.

10.02.2020 күні 4  «Г »   сыныппен С.Б Аубакирова «Ертегілер әлемі»   тақырыбында театрланған қойылым  өткізді.  Бұл іс-шараға 4 А, Ә, Д, Ж, З сыныптары қатысып, рухани азық алды.

07.02.2020  күні «Өмір- шексіз керуен» тақырбында 9 Г сыныппен К.С Канапина тренинг өкізді. Тренинг барысында оқушылар өмірге қатысты сауалдар қойып, қызықты ойындар, видеороликтер көрді.

08.02.2020 күні 4 В сыныппен «Дружба это не работа» тақырыбында тренингті Миллер Е.В өткізді. Оқушылар берлесе тапсырмалар орындап, бір- бірінің пікірлерін тындап , талқылады.

07.02.2020 күні 5 Д сыныппен   өзін-өзі тану пәні мұғалімі Р.Е Хожатова «Адами қарым- қатынас әлемі»  тақырыбында өзін- өзі тану пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақта оқушылар топқа бөлініп, адами қарым-қатынасқа байланысты видеороликтер көріп, топтық көрініс көрсетті.

11.02.2020 күні бастауыш сыныпта апталық жоспарына сәйкес «Жүректен жүрекке», «Мейірімді жүректер ынтымақтастығы» қайырымдылық акциясы өткізілді. Акция қорытындысы бойынша аз қамтылған үш отбасыға азық- түлікпен көмек көрсетілді.

10.02.2020 күні  6 сынып оқушыларымен Б.Ж Сейлова «Қайырымдылық – жер бітінде!» атты флеш-моб өткізді.

11.02.2020  күні өзін-өзі тану пәні мұғалімі С.Н Магзумбекова «Тапқыр достар»  интеллектуалды ойынмен  2 сынып аралығында өткізді.

     Апталық бойы 1- 4 сынып аралығында «Балаға жүрек жылуы» тақырыбында суреттер көрмесі болды.

   Апталықта жоспарланған іс-шараның барлығы өткізілді. Сабақ барысында мұғалімдер қосымша материалдар, слайдтар қолданып, сабақтар өте жақсы дәрежеде өтті. Барлық мұғалімдер жаңа технологияның (интерактивті тақта) бар мүмкіншілігін молынан пайдаланды. Мұғалімдер де, оқушылар да апталық мүмкіншілігін молынан пайдаланды.

Просмотров: 365


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст