Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Кім тапқыр?» интеллектуалды сайысы өтті

18.02.2020

Тақырыбы:       «Кім тапқыр?» интеллектуалды сайыс

Мақсаты: 1.Өзін-өзі тану және басқа пәндер бойынша  өтілген тақырыптан алған  білімдерін тексеру,пысықтау.

                    2.Оқушылардың тіл байлық , сөздік қорларын молайту, шығармашылық қиялын жүйелеу, ойлау қабілеттерін дамыту.

                    3. Оқушыларды ана тілін сүйетін, болашаққа үлесін қоса білетін білімді , ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.

Түрі: интеллектуалды дамытпа сайыс сабақ

 Көрнекілігі: презентация , тақырып бойынша суреттер, қима қағаздар
Өтетін орны: Рәсім залы
Өту барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.
Армысыздар қымбатты ұстаздар,оқушылар! Бүгінгі сайысымызға қош келдіңіздер!Сайыс барысында оқушыларымыздың ой-өрістерін,

білімдерін ,ептіліктерін сарапқа салатын боламыз.Сайысқа қатысатын топтарды ортаға шақырайық.

1 топ. Алғырлар тобы

2 топ. Білгірлер тобы

3 топ. Тапқырлар тобы

Сайысымызға  әділ баға беретін әділ-қазы мүшелері

директор бастауыш оқу ісі жөніндегі орынбасары Зәуре Жақсылыққызы ,

директор тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қымбат Серікқызы .

 

Сайыс шарттары:
1. «Кім көп біледі?»
2. « Мюнстерберг»
3. «Мақал-сөздің мәйегі»

4. «Ұшқыр ой»

І кезең «Кім көп біледі?»
Шарты: Әр топқа 10 сұрақтан қоямын. Тез жылдам жауап беру керек. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.


І топ:
1. Кел, балалар оқылық! Өлеңінің авторы кім? Ы. Алтынсарин
2. Сара Алпысқызының туған күні , жылы? 12 ақпан 1941жыл
3. Бір жылда неше ай бар? 12 ай
4. Ұя салмайтын құс. Көкек
5. 16 желтоқсан қандай күн? Қ. Р. Тәуелсіздік күні
6. Әліппенің атасы кім? А. Байтұрсынов
7. Абайдың анасының аты кім? Ұлжан
8. Тірі табиғатқа нелер жатады? Адам, өсімдік, жануар
9. 25+15 қосындысы нешеге тең? 40
10. Балалар сөзін орыс, ағылшынша қалай айтады? Ребята, children

ІІ топ:
1. Ауаның негізгі қасиеті? Көзге көрінбейді, түссіз, иіссіз, дәмсіз
2. Сара Алпысқызы негізін қалаған қамқорлық қоры қалай аталады? Бөбек
3. Биыл қандай жыл? тышқан
4. Абайдың шын аты. Ибраһим
5. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал? Тұсбағдар
6. 30+25 қосындысы нешеге тең? 55
7. Сау болыңыз орысша, ағылшынша қалай айтамыз? До свидания
8. Бір жылда қанша күн бар? 365 - 366 күн
9. Жуан дауысты дыбыстарды ата а, о, ы, ұ
10. Тұңғыш президент күні. 1 желтоқсан

ІІІ топ
1. Атақты суретші? Әбілхан Қастеев
2. Сара Алпысқызының туған жері? Қарағанды облысы
3. Сөйлемнің соңында нүкте қойылады.
4. Кітап сөзін орыс, ағылшын тілінде қалай айтамыз? Книга,
5. 85 - 60 айырмасы қаншаға тең? 25
6. Өлі табиғатқа нелер жатады? Құм, тас, су, ауа, т. б
7. Мәтін дегеніміз не, түрлерін ата?
8. 1 сағатта неше минут бар? 60
9. Сұлба дегеніміз не? Бір заттың үстінен қарағандағы көрінісін айтамыз.
10. Ұзындық өлшем бірліктерін ата? Мм, см, дм, м, км
11. С. Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы?» мәтінінде өзі салқын, өзі дымқыл, өзі көлеңке ненің мекені? Құрбақаның

ІІ кезең « Мюнстерберг» әдістемесі
Мақсаты: Әдістеме зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағытталады.
Нұсқау: Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздің міндетіңіз: тез оқып отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек. Жұмыс уақыты - 2 минут
Табылып астын сызған сөздердің саны мен байқалмай қалған сөздер саны, қатеге байланысты бағаланады.
Аашпгоппартаивнртерезевнаапташыопккарталыгксағатлыгсабақоыгборпыаукесікрвнбасбалдақинакпотақтагыеоқушыоанмұғалімрыгадиректорвпыкуқызметкерапецуранлвгкдәптер
Рахмет. Сіздер жылдамдықтарыңызды көрсете білдіңіздер және сөздерді
таба білдіңіздер
Талқылау: Ең көп сөз құраған қай топ болды?

III кезең .

«Мақал – сөздің мәйегі» кезеңі.

Әр топқа 5 мақалдан ұсынылады. Мақал ішіндегі  қалып қойған тиісті  сөзді табу керек.
 

1.Кітап - ...... қазына
2. Оқу білім бұлағы,
    Білім -  ....  шырағы.
3.Күш -білімде,
   Білім - ...
4. Алтау ала болса ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса ....   келеді

5. Аңызды жерде ат өлмес,
Үйірлі жерде ...   өлмес.

6.Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын ... ізде.

7.Спорт -   ....  кепілі.

8.Ас – адамның .....

9.Мал өсірсең ... өсір,
Өнімі оның көл ....

10. Аққуды атпа,
 Досыңды ....

11.Жүз теңген болғанша,
     Жүз .... болсын.
12. Отан - ... басталады.

13.Жақсылықтың ........ болмайды.

14.Бір адам жаққан отқа,
    ...... адам  жылынады.

15.Кешіре білген адам- ...  адам

 

IY кезең «Ұшқыр ой»

Әр топқа өзін-өзі тану оқулығынан 1 мәтін беріледі. Оқушылар мәтін тақырыбын табу керек. Дұрыс тапқан топқа 10 ұпай беріледі.

Қорытынды.

Әділқазы мүшелері шешімдерін айтады.Жоғары ұпай жинаған топтарды марапаттау.

 

 

 

 

Просмотров: 692

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст