Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аттестатты табыстау

23.06.2023

Бүгін мектебімізде 11-сынып оқушыларының аттестат алу кеші өтті. Биылғы дәстүрлі кешіміздің қорытындысы ауыз толтырып айтарлықтай ерекше, себебі Мемлекеттік емтихан нәтижесі бойынша төрт түлегіміз “Алтын белгі” иегерлері атанып отыр.
Мектепті толық 48 оқушы бітірсе, оның 5-еуі “Қызыл аттестатқа” ие болды.
Кешіміздің қонағы Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Искаков Сейфулла Абдуович
Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді ұрпақ. Бүгінгі жас болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Жас ұрпақты білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналатынын айта отырып, жас түлектертер алдағы жауапкершілігі мол өмірде сәттілік тілеп "Алтын белгі" иегерлері мен үздік аттестат иегерлерін марапаттады. Ақмол ауылының әкімі Дүйсекеев Жанат Төлеуұлы үлкен өмірге қадам басқалы отырған түлектерге мамандық таңдаудан қателеспеуді алға тартып, 11-жылдық еңбектерінің аяқталғанын айтып сәттілік тіледі. Кеш барысында түлектеріміз алтын ұя мектебіне ән, жырларын арнап, мектеп қабырғасындағы соңғы вальстарын қимастықпен биледі.

Просмотров: 494


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст