Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепішілік Мұқағали оқулары өтті

07.02.2020

Жүргізуші:

Үй тұрар шумақтарын қойсаң қалап,
Өлеңдері өзіндей жайсаң ғажап.
Азамат, ірі ақын боп, ұлы ақын боп,
Қайта туған ұлыңды қарсы ал қазақ!

Қайырлы күн, құрметті өлең сүйер, өнер сүйер оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі мектеп оқушылары арасында өткелі отырған Мұқағали Мақатаев оқуларына қош келдіңіздер!

1 ә сыныбының қыздары ақынға арнау

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, жұртым оған елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім! – деп ақынның өзі жырлағандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де өшпей, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Олай болса, біз бүгін өздеріңізбен бірге қазақтың қара өлеңінің құдіретін ұғынған, «поэзия» атты тұңғиық теңізде еркін жүзген, 0жауһар жырларын қазақ жастары жанына жақын балаған, мәңгілік жырдың марғасқасы Мұқағали Мақатаевтың әлеміне сапар шеккелі отырмыз.

1 «ә» оқушысы Мұқағали сөзі
Бүгінгі мектепішілік Мұқағали оқуларының басты мақсаты мен міндеттері:
- Мектебіміздің оқушылары арасында М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттау;
- Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөздің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. Өз ой пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуін дамыту;
-Жас буынның тарихи танымдарын, өмірге көзқарасын қалыптастыру.

Мұқағали оқуларының шарттары:

І кезең «Ғасырда бір туатын дарабоз » деп аталады. Мұнда ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу.

ІІ кезең «Жырлайды жүрек» Мұқағали Мақатаев сөзіне жазылған әндерді орындау.

Ендеше осы кезеңдер бойынша әділ бағасын беретін әділ-қызы алқасымен танысып өтейік.

1-ші:

2-ші:

3-ші:

4-ші:

Поэзия, менімен егіз бе едің?!

Сен мені сезесің бе?

Неге іздедім?

Алабұртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таңдардан сені іздедім,- деп жырлағандай, саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға көшеді.

Ендеше, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ салайық.

І кезең «Ғасырда бір туатын дарабоз » ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу. Ортаға сайысқа қатысушыларды шақырамыз.

 Мектепке дейінгі даярлық 0 «г» сынып Ауылбек Сымбат сынып жетекшісі: Дана.....

1 «д» Ерғали Санжар сынып жетекшісі: Ұлболсын Ахановна

2 «ә» Қами Айбөпе сынып жетекшісі: Гүлжанат Курасбекқызы

3 «а» Темирбеков Жасұлан сынып жетекшісі: Гүлсара Амангельдиновна

3 «ә» Дадахмет Әдемі сынып жетекшісі: Гүлмира Алтынбековна

3 «г» Толкынбек Альнара сынып жетекшісі: Айымкуль Кабдуалиевна

3 «д» Кенжебай Аружан сынып жетекшісі: Мөлдір Тургумбековна

3 «ж» Абдуалиева Райана сынып жетекшісі: Гүлбаршын Ашуовна

4 «а» Ершора Айғаным сынып жетекшісі: Батима Жомартовна

4 «ә» Ермекпаева Рауана сынып жетекшісі: Гүлсара Амангельдиновна

4 «г» Исламбек Айбибі сынып жетекшісі: Света Бақытжановна

4 «д» Қайролла Аяна сынып жетекшісі: Сабира Балтабаевна

4 «ж» Өмірсерік Нұрсәуле сынып жетекшісі: Нұрбану Асқарқызы

4 «з» Байрақ Мадина сынып жетекшісі: Сабина Жұмағалиқызы

4 «з» Дадахмет Инабат сынып жетекшісі: Сабина Жұмағалиқызы

 

Ақынның аз ғұмырында артына қалдырған жалынды жырлары, оқырманын тәнті еткен «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек», «Моцарт» сияқты дастандары бар. Ақынның өлеңдеріне ән жазылып, қазіргі эстрадада  қалықтаған ән жұртының жүрегін жаулап алған.

ІІ кезең «Жырлайды жүрек» Мұқағали Мақатаев сөзіне жазылған әндерді орындау. Ендеше әнге кезек берейік. Қатысушыларды ортаға шақырамыз.

0 «ә» Серік Әлихан, Жоламан Іңкәр сынып жетекшісі: Рыскуль Мараловна

 1 «ж» Ауелбек Мерей сынып жетекшісі: Гүлшат Мейрамханқызы

2 «а» Мубарак Жансая сынып жетекшісі: Зауреш Боранбаевна

 2 «з» Жалғас Айару  сынып жетекшісі: Нурия Конысбаевна

 4 «з» Бикен Данияр сынып жетекшісі: Сабина Жұмағалиқызы


Табиғат, жанымды алсаң, алшы менің
Бір түйір жерге түскен тамшым едің
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,
Артымда қалсын жерім, қалсын елім.

Кім білсін қаншама әлі шырқарымды,
Кім білсін қай күні сенің қырқарыңды,
Мұқағали жоғалса, қайтер дейсің,
Жоғалтпаса болғаны ұрпағымды, - деген екен. Ақынның жырын жырлап отырған ұрпағы – мына біздерміз. Мәңгілікке тот баспайтын асыл жырларын келер ұрпаққа жеткізетін де - өзіміз. Әділ қазылар байқауды қорытындылап, жеңімпаздарды анықтап болғанша ақын жайлы деректерге назар аударайық.

Мұқағалиын ел-жұрты шын құрметтейді, шын қадірлейді. Жырларын жатқа айтады, жер-жерде «Мұқағали оқуларын», еске алу кештерін өткізіп, ақын рухына тағзым етеді. Жоғарғы жақтың ешбір нұсқауынсыз, бұйрығынсыз-ақ жалпыхалықтық көлемде мерекеленетін бірден-бір той – Мұқағали тойы.

«Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім» деп өзі айтып кеткендей ақын өлеңдері мәңгілік жасай бермек! Ендеше өлеңді жазған ақын да өлмейді. Мұқағали Мақатаев көз жұмған жоқ!

Осымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған поэзия кешіміз аяқталды. Жыр әлемінде кездескенше аман сау болыңыздар!

 

Просмотров: 491


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст