Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Целиноград ауданы Ақмол ауылының өрт сөндіру бөліміндегі оқушылар үшін Ашық есік күні өткізілді. 2023 жылғы 25 мамырда Ақмол ауылының 22-ші өрт сөндіру бөлімінің аумағында оқушылар үшін "Ашық есік күні" өтті. Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері балаларға өрттің шығу себептері, төтенше жағдайлардағы әрекеттер туралы айтып берді. Балалар көктемгі өрт қауіпті кезеңдегі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша білімдерін бекітті. Экскурсия барысында оқушылар өрт сөндіру бөлімінің үй-жайларын аралап өтті. Балалар өрт сөндірушілердің өмірімен танысуға өте қызығушылық танытты, олар көптеген сұрақтар қойды. Өрт сөндіру автоцистерналары, авариялық-құтқару құралдары балалардың қызығушылығын тудырды. Барлық ниет білдірушілер өрт сөндіру көлігінің рульінде отыруға және өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдерін, дулығаларын киіп көруге мүмкіндік алды. Кетер алдында балалар өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзбауға уәде берді, танымдық экскурсия үшін өрт сөндірушілерге алғыстарын білдіріп, оларға зор денсаулық пен аз жұмыс тіледі.

29.05.2023
Просмотров: 300


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст