Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқу жылының ІІ тоқсанының қорытындысы

10.01.2017

Оқу-тәрбие  үрдісіне  диагностикалық  талдау  жүргізіп  отыру  оқу-тәрбие  үрдісінің  бағытын  анықтап,  жоспарлаудың  негізі  болып табылады. 

Дәстүрге  сай  ағымдағы  оқу  жылының  екінші  тоқсаны  бойынша  оқушылардың  жиыны  өткізіліп,   тоқсан қорытындысы  шығарылды.  Мектеп  директоры  Т.А.Шахарбаев  оқушыларды  оқу  тоқсанын  үздік  және  жақсы  аяқтаған  оқушыларды  құттықтап,  жылы  лебіз  білдірді. 

4, 5, 6   сыныптардың  үздік  оқушылары  Жас  ұлан  қатарына  қабылданып, Ант берді.  Оқу  жылының  ең  екінші тоқсаны  барысында  атқарылған  түрлі  деңгейдегі іс-шараларға,  спорттық  шараларға, түрлі деңгейдегі өнер байқауларына, білім марафондарына белсенді  қатысып, жақсы нәтиже көрсеткен  оқушылар,  аудандық  пәндік  олимпиада  жеңімпаздары  марапаттарға  ие  болды. 

Сонымен қатар, Тәуелсіздігіміздің 25-жылдық мерекесіне орай және ауданымыздың қоғамдық өміріне қатысуда белсенділік танытқан бірқатар мұғалімдер мен оқушылар аудан әкімінің және аудан әкімі орынбасарының Алғыс хаттарымен марапатталды.

 

Просмотров: 490


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст