8 қаңтар күні Алматы қаласында Жазушылар одағы ғимаратының әсем сахнасында Бота Бейсенованың «Менің жүйрік тұлпарым» атты республикалық балалар ән байқауы өтті. Байқаудың негізгі шарты – балаларға арналған әндер авторы, сазгер Бота Бейсенованың бір әнін жанды дауыста орындау.
Республикамыздың түкпір-түкпірінен келген жас өнерпаздар өз өнерлерін көрсетті. Әділ-қазылар алқасының құрамындағы кәсіби әншілер, радио жүргізуші және байқаудың төрайымы Бота Бейсенованың өзі әр баланың өнерін тамашалап, әділ бағасын берді.
Осы байқауға қатысқан біздің мектебіміздің оқушылары да құрқол келген жоқ. 9 жасқа дейінгі балалар арасында «Балдәурен» вокалды топ I орынға ие болса, 15 жасқа дейінгі қатысушылар арасында мектебіміздің вокалды квартеті ІІ орынға ие болды.
«Менің жүйрік тұлпарым» республикалық ән байқауында Лауреат атағына ие болған
"Балдәурен" вокалдық тобының мүшелері, 3 сынып оқушылары:
Аманжолова Лаура
Төлеутай Мирас
Шыңғыс Олжас
Мирамбек Гүлсезім
Сержан Әділжан
Өмірхан Дина
Айсина Дильназ
Кайруллова Аяжан
Ергельдинова Зейнеп
Қабдулсоғат Олжас
Бауржан Амина
Хайрушева Баяна
Вокалдық квартет мүшелері, 7, 9 сынып оқушылары:
Жақсылық Дана
Амирова Аружан
Тулеуова Айжан
Асқарбекқызы Дана
"Менің жүйрік тұлпарларым" байқауының жеңімпаздарын мектебіміздің директоры Тойлыбек Атамұратұлы құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Жеңімпаздарымызға шығармашылық табыстар тілейміз!