Мұғалімдік мамандықты таңдаған мектепке келген жас маман жаңа өзгерістер, жаңа қиыншылықтар мен жаңа қобалжуларды өз басынан кешеді. Осындай өтпелі кезеңде оның жанында тәжірибелі де білікті тәлімгердің болуының маңызы зор.
Биылғы оқу жылының ерекшелігі – біздің мектебіміздің педагогикалық ұжымы көптеген жас мамандармен толықты. Олар әр оқу жылындағы дәстүрге сәйкес жоғарғы санатты білікті мұғалім Сәрсенбаева Ботакөз Ертайқызының жетекшілігімен тұрақты түрде қызмет атқаратын Жас Мамандар Мектебіне /ЖММ/ қабылданады.
ЖММ жоспарына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес онда жас мамандар өздері таңдаған қызығы мен қиыншылығы мол мұғалімдік мамандықтарының қыр-сырын игереді. Атап айтқанда, жас мамандарға сабақ әзірлемелерін жасау, заманауи педагогикалық технологияларды игеру, сыныптан тыс шараларды ұйымдастырып өткізу, әдістемелік семинарларға материалдар әзірлеу жұмыстар бойынша жан-жақты әдістемелік көмек көрсетіледі.