Қазақстанның өркендеуі, гүлденуі, дүниежүзінде алдыңғы қатарлы мемлекеттер санатында көрінуі үшін құқықтық сауаттылықты, тәрбиені, сананы жетілдіру қажеттілігіне басты назар аударылатыны баршаға аян. Өйткені, еліміздің әрбір азаматы өз құқығын, бостандықтарын, міндеттерін білуі тиіс, әрбір азамат құқық нормаларын, заңдылық талаптарын берік ұстануы керек. Сонда ғана мемлекетіміз саяси, экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан дамып, тәртіп нығаяды.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектебімізде аудан мектептері тәрбие ісі меңгерушілерінің семинары өтті. Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері Қабыкенова Айткүл Аманжолқызы, полиция лейтенанты Сұрағанов Бахтияр Жұмағалиұлы, аудан мектептерінің тәрбие ісі меңгерушілері, әлеуметтік педагогтары, мектеп психологтары қатысты.
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен қадағалаусыз қалудың алдын алу мәселесi ерекше көңiл бөлудi талап етедi. Сондықтан семинар мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша
тәрбие меңгерушілері арасында тәжірибе алмасу.
Семинар барысында мақсаты тәжірибе алмасу мақсатында «Құқықтық білім беру» тақырыбында коучинг сабағын семинарға қатысушылармен тәрбие ісі меңгерушісі Қанапина Қымбат Серікқызы жаңартылған әдіс- тәсілдер арқылы өткізді. Сабаққа қатысушылар топтарға бөлініп, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын жоспарлап, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын талдады.
Семинарға қатысушылар назарына мектебіміздің әлеумеииік педагогы, тарих пәні мұғалімі Ибраева Айман Алдангоровнаның ұйымдастыруымен өткен «Жасөспірім және заң», «Учебный судебный процесс по уголовному делу» тақырыптарындағы іс-шаралар, сонымен қатар, қазақ тілі пәні мұғалімі Туркешева Манара Аманқызы мен мектеп психологі Кажикова Раушан Естайқызының ұйымастырумен «Қыз – халықтың айнасы» айдарымен өткен «Қыз Жібек» клубының отырысы ұсынылды. Отырыста оқушылар өздерінің ойларын ашық айтып, өзара пікір алмасты.
Аудандық семинар мазмұнды әрі қызықты өтті.