Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

15.02.2017

Мектебімізде қазақтың ақиық ақыны, қазақ поэзиясының Құлагері  атанған Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдеби-музыкалық кеш өтті.

Артына қазақтың дәл өзіндей қарапайым жырларымен танылған талант иесі биыл тірі болғанда 86 жасқа толар еді. 13 жасынан бастап, қолына қалам ұстаған ақынның арғымақ жырлары бүгінгі қазақ поэзиясының ұлы мұраларының қатарында.

Мектебіміздің оқушылары ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды. Атап айтсақ, оқушыларымыз Тұрған Зейнеп, Насыр Сабина, Мұзарапша Жаннұр, Төрежанова Әсел  ақын өлеңдерін оқыды.  Өнерді оқушыларымыз бен бастауыш сыныптар оқушыларының хоры орындаған «Бақыт деген», «Саржайлау», «Туған өлкем», «Атамекен»  атты ақынның сөзіне жазылған  әндер мектебіміздің рәсім залын әуелетіп кетті.

Оқушылар  назарына  ұсынылған   ақынның өз дауысымен оқылған  өлеңдері оқушылардың көз алдына ақын бейнесін әкелгендей, ақынмен қауыштырғандай сипатта жағымды әсер қалдырды. Сонымен қатар, 8«г» сынып оқушылары ақынның «Аққулар ұйықтағанда» атты поэмасынан сахналық қойылым көрсетіп, көрермендерді ақын   поэзиясының, сөз өнерінің тұңғиығына  жетелей түсті.

          Кеш соңын  8«а» сынып оқушысы Қайруллова Дана «Есіңе мені алғайсың»  әнімен  аяқтады.

         Поэзия патшалығында қанатын кеңге жайып, өмірін өлеңмен өрнектеген сөз зергерін ұрпағы осылай еске алады. Ақынның санаға жарық сәуле түсіретін жырлары ел жадында мәңгі жасай бермек.

Просмотров: 499


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст