Текст
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылуына 28 жыл толуына орай мектебіміздің «Қаһарман» әскери-патриоттық клубының мүшелері мен оның жетекшісі Ж.Т.Ахманов және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.С.Канапина Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының әскери-тарихи мұражайына саяхат жасап қайтты. Оқушыларымыз Ауған соғысының ардагерлері мен ҚР Парламенті депутаты, Халық қаһарманы генерал-лейтенант Б.Е.Ертаевпен кездесуге қытысты.
Сонымен қатар әскери-тарихи мұражайда «Қаһарман» әскери-патриоттық клубының мүшелері салтанатты түрде Ант қабылдады. Осы тағылымды іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.