Күні 23.02.2017 жыл
Пәні: Сауат ашу
Пән мұғалімі: Кәкімжанова Н.А
Оқушы саны: 24
Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен Ж ж әріптері.
Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты:
1.7. Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту.
1.8. Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту.
1.9. Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Оқу мақсаттары: Оқушылардың барлығы жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері: Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту: Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу
Тілдік құзіреттілік: Жалау-флаг
Сабақтың барысы:
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
Сабақтың басы |
Психологиялық дайындық Топқа бөлу (4 топқа бөлемін) Топ ережесін іліп, естеріне саламын. Өткенді қайталау «Доп лақтыру» ойыны арқылы жүргізіледі -Дыбыс дегенімізне? -С қандай дыбыс? - Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? |
Жемістер суреті
Доп |
Сабақтың ортасы |
Жаңа сабақ № 1 Тыңдалым. Бейне материал көрсетемін «Ат жарысы» - Балалар, не көрдіңдер? - Жарысқа кімдер қатысқан? т.б. (әңгімелеу арқылы өз пікірлерін айтады) № 2. Оқылым Мәтінмен жұмыс.Сөздерді хормен оқыту, мағынасын ашу. Кім жарыс мәресіне тез жетеді? - Жанат. Себебін анықтау. Ж дыбысынан басталатын сөздерді табу. Сөздердің орфоэпиялық нормаларға сәйкес айтуына көңіл бөлемін. Сергіту сәті Жаңбыр жауып басылды, Аспан шайдай ашылды. Желмен бірге жапырақ Сыбдыр қағып шашылды. Топпен жұмыс Жаңбыр тамшыларынан қандай сөздер құрауға болады? Парақшаларына жазады. №3 Жазылым. Жұмбақ жасыру Аспай піскен, Қайнамай түскен. (Жеміс) - Жемістерге не жатады? - Алма, мандарин, банан, апельсин т.б «Т» Зерттеу, дәлелдеу Топпен жұмыс 1 топқа мандарин 2-топқа алма 3- топқа банан 4-топқа жүзім қойылады, балалар жемістердің дәмін, көлемін, пайдасын зерттейді. Әр топ өз жұмыстарын қорғайды. |
|
Сабақтың соңы |
Постермен жұмыс Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру. Ж әрпі бар сөздер жазады. Рефлексия Кері байланыс Бағалау «Бас бармақ» тәсілі бойынша сабақтың өту барысын бағалайды. |
Смайликтер |