Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Денсаулығына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына ұзақ уақыт бара алмайтын балаларды тегін жеке үйден оқыту» мемлекеттік қызметінің стандарты

25.03.2017

 «Денсаулығына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру 

ұйымдарына ұзақ уақыт  бара алмайтын балаларды

тегін жеке үйден оқыту»  мемлекеттік қызметінің стандарты

 

1.  Жалпы ереже

1)  «Денсаулығына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына ұзақ уақыт бара алмайтын балаларды тегін жеке үйден оқыту» мемлекеттік қызметі (әрі қарай - мемлекеттік қызмет).

2)  Мемлекеттік қызметтің стандартын Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі дайындады.

3)  Осы стандарттың 1 қосымшасында мекен-жайы және телефондары көрсетілгенбастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары мемлекеттік қызметті жүзеге асырады (әрі қарай – қызмет көрсетуші).

4)  Мемлекеттік қызмет денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара

алмайтын, стационарлық көмек көрсететін, емдік қалпына келтіру және дәрігерлік-кеңес беретін комиссияның қорытындысы бойынша медициналық оңалту көмегін көрсететін мекемелердегі тұлғаларға көрсетіледі.

5)  Мемлекеттік қызмет бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының бағдарламаларын логопед, дефектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог) және дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларды  психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің нұсқаулары бойынша арнайы бағдарламалармен жүзеге асырады.

6)  Арнайы мекемелер (психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, оңалту орталықтары, арнайы мектептер) жалпы білім беретін мектептер, педагог қызметкерлер және ата-аналарды (заңды өкілдерін) түзету-педагогикалық қолдау жұмысын 2 қосымшаға сәйкес үйлестіреді.

2.  Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

1)  Мемлекеттік қызмет көрсетумерзімі:

- мемлекеттік қызмет көрсету мерзім және уақыты дәрігерлік-кеңес беретін комиссияның қорытындысы бойынша қызмет алушының денсаулығын ескере отырып жеке анықталады;

- білім саласындағы өкілетті ұйым белгілеген оқу жылының басталуы мен аяқталуы, жеке оқытудың жоспарына және оқу кестесіне сәйкес мерзімде;

- бастауыш кезеңде 8 сағаттан кем емес, негізгі орта және жалпы орта кезеңде осы стандарттағы 3 қосымшаға сәйкес оқу жоспары бойынша аптасына 10 – 12 сағат;

2) Мемлекеттік қызмет көрсету түрі электронды және қағаз түрінде.

3) Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады:

-  жарты жылда оқушының оқу бағдарламасын меңгеруі туралы есеп;

- үлгерімі туралы табель және психологиялық-педагогикалық мінездеме, оқу жылының соңында берілетін білім деңгейіне сәйкес бекітілген мемлекеттік үлгідегі құжат;

- мемлекеттік қызмет көрсетуден белгілі себептермен бас тарту.

4) Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

5) Мемлекеттік қызмет алу үшін қызмет алушы келесі құжаттарды ұсынады:

- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (түпнұсқа);

- медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясы берген мүгедектігі туралы анықтама;

- денсаулығына байланысты баланы үйде оқыту туралы денсаулық сақтау ұйымының дәрігерлік-кеңес беру комиссиясының  анықтамасы;

- психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің білім беру оқу бағдарламасын ұсынған қорытындысы;

- психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысы.

6) Қызмет алушыға келесі жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетілмейді:

- осы стардарттың 2 тармағының 6) тармақшасында көрсетілген құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда;

- құжаттардағы жалған немесе қате мағлұматтар (мәліметтер) кездескен жағдайда.

3.  Орталық атқарушы органдардың, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудан әкімдер, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауыл, ауылдық округ, сондай-ақ қызмет көрсетушілерді және (немесе) лауазымды тұлғалардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелеріне байланысты шығарған шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

1)  Қызмет көрсетушінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіну үшін  және шағымды дайындауға ықпал ету үшін Қызмет алушы қызмет көрсетушінің басшылығына жүгінеді.

2)  Мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда шағым мемлекеттік қызмет көрсетілген жердің басшылығына немесе облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, аудандық және қалалық білім басқармаларына демалыс және мереке күндері мен жұмыс күндерінің сағ.13.00 ден 14.00 ге дейінгі түскі үзілісті есептемегенде жұмыс күндері: сағ. 9.00 ден 18.00 ге дейін беріледі. Атқарушы орган басшыларының телефондарымен мекен жайлары осы стандарттың 3 қосымшасында көрсетілген.

3) Атқарушы органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне)  шағым демалыс және мереке күндері мен сағ.13.00 ден 14.00 ге дейінгі түскі үзілісті  есептемегенде жұмыс күндері сағ. 9.00 ден 18.00 ге дейін, Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министірлігінің мектепке дейінгі және орта білім Департаментіне төмендегі мекен-жай бойынша беріледі: 010000,  Астана қаласы, Орынбор көшесі 8,  «Министірлік  үйі», 11 подъезд.

4) Мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда шағым Қызмет алушы қолданыстағы заңдарға сәйкес сотқа шағымдануға құқылы.

5) Шағымда қызмет алушының тегі, аты және жеке басын куәландратын құжатта көрсетілген жағдайда әкесінің аты, ата-анасы (заңды өкілі) почталық мекен жайы, күні көрсетіледі.  

Шағымда қызметалушының ата-анасының (заңды өкілінің) қолы қойылады. Шағым берілгенде әрекеті шағымдалатын субъектінің аты немесе лауазымы, лауазымды тұлғалардың аты-жөні, себебі және талаптары

көрсетіледі. Қажет болғанда Қызмет алушы өкілетті органның ммлекеттік қызметті сапасыз көрсеткендігін дәлелдейтін  құжаттарды шағыммен бірге береді.

4. Денсаулығына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарын ұзақ уақыт  бара алмайтын балаларды тегін жеке үйден оқыту» мемлекеттік қызметін көрсету ерекшелігіне сәйкес өзге талаптар.

1) Қызмет көрсетуші халықтың әлжуаз тобына жататын, соның ішінде  мүмкіндігі шектеулі балаларға, мемлекеттік қызмет алғанда қажетті жағдай жасау керек.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету мекен-жайлары осы стандарттың 1 қосымшасында берілен, орналасқан жері:

- Қазақстан Рспубликасының білім және ғылым Министрлігінің  интернет-ресурсы (www.edu.gov.kz,  «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі).

3) Мемлекеттік қызмет көрсету және мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, аудандық және қалалық білім басқармаларынан білуге болады.

4)  Қызмет алушы қызмет берушінің қызмет алудағы талаптарын орындайды.

5) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мазмұнымемлекеттік қызмет ұсынылғанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартына сәйкес көрсетіледі. Мүмкіндігі шектеулі балаларға жеке оқыту бағдарламасын құрастырғанда арнайы білім беру ұйымдарының бағдарламаларына сүйену қажет.

6)  Қызмет беруші мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпыға бірдей және арнайы бағдарламаларға сәйкес білім алуына қажетті

оқу-әдістемелік, материалды-техникалық жағдай және бағдарламалы-техникалық құралдармен қамтамасыз етеді.

7)  Даму мүмкіндігі шектеулі үйден оқитын балаларды оқу жоспары бойынша дефектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог,

тифлопедагог), логопед, психолог мамандарының психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің ұсынысы бойынша түзету сабақтарына аптасына екі сағаттан кем берілмеуі керек.  

8)  Жеке оқытқанда оқу жоспарына және жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің кестесіне сәйкес қызмет алушының білімін

ескеретін журнал және арнайы білім беру ұйымдарының мұғалімдері даму динамикасын бақылау күнделігін жүргізеді.

9) Арнайы білім беру ұйымы жоқ болған немесе алыс орналасқан жағдайда даму мүмкіндігі шектеулі балаларды тұрғылықты жердің жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері оқытады.

10) Стационарлық көмек көрсететін, емдік қалпына келтіру және медициналық оңалту көмегін көрсететін медициналық мекемелерде балалардың келген күнінен бастап денсаулығын ескере отырып ұзақтығы 35 минут, бірінші сыныпта - 25 минут.

11)  Сабақтар жеке немесе топпен өткізіледі. Топтық сабақтар бір сыныпта 4тен 15 оқушыға дейін болған кезде,  1-9 сынып оқушыларынан 4 тен 15 оқушыға дейін болған кезде бірлескен сыныптардан класс-комплект құрылады.

12)  Қызмет алушыға арналған қорытынды емтиханды тұрғылықты жердің дәрігерлік сараптама қорытындысы бойынша білім басқармасының атқарушы органы анықтады.

13) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат порталда, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудан әкімдер облыстық және қалалық білім басқармаларының және әкімшіліктердің интернет-ресурстарында орналасады, олардың тізімі осы стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген, Қазақстан Рспубликасының білім және ғылым Министрлігінің  сайтында бар - www.edu.gov.kz.

14) Мемлекеттік қызметті алушының ЭСП болған жағдайда, мемелекеттік қызмет «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілуі мүмкін.

15) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат қажетті түсініктемелерімен, және қызмет алушыға қызмет көрсету кезеңі туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша Бірыңғай қатынас-орталығы арқылы және портал арқылы - саll–орталығының келесі телефон нөмері  арқылы (1414) беріледі.

16). Мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша Бірыңғай қатынас-орталығы - 1414.

 

Просмотров: 669


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст