«Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі №179 бұйрығына сәйкес (2016.22.01.берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Ақмол ауылының №5 орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде мынадай мемлекетті қызмет түрлері көрсетіледі:
1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау
2. Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру
3. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау
4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау
Мемлекеттік қызмет демалыс және мемлекеттік мерекелер күндерін қоспағанда аптаның жұмыс күндері сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінге түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін көрсетіледі.