«Ақмол ауылының №5 орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде «Білім мазмұнын жаңартуды енгізу жағдайында мектеп жұмысындағы тәжірибелік және ұйымдастырушылық аспектілер» тақырыбы бойынша бастауыш сыныптар мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті.
Семинардың мақсаты:
- критериалды бағалау бойынша мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру
- жаңартылған бағдарлама бойынша жұмыс істеп жатқан бірінші сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек, қолдау көрсету
Семинардың жұмысына облыстық Педагогикалық Шеберлік Орталығынан модераторлар Пазылова Гульмира Шойгариновна, Рахымжанова Баян Қайыржанқызы және Целиноград ауданы мектептерінен 70-ке тарта бірінші сыныптар мұғалімдері қатысты.
Семинар бағдарламасына сәйкес қатысушылардың назарына барлығы 12 сабақ ұсынылды:
1. 1б сынып мұғалімі Мишакова В.И. «Монета» тақырыбы бойынша өткізген математика сабағы дифференциалды бағытымен, сабаққа мектеп психологының қатысуымен, оқушылардың жақсы белсенділігімен ерекшеленді.
2. 1в сыныбында өткен дүниетану сабағы «Как питались в древности» тақырыбы бойынша өтті. Сынып мұғалімі Саинова Г.К. тақырыпты ашуда түрлі әдіс-тәсілдерді, қосымша танымдық материалды тиімді пайдалана алатындығын көрсетті. Сабақ соңында пайдаланылған «Табыс баспалдағы» сәтті көрініс тапты.
3. 1е сыныбында «Что такое звуки» тақырыбында өткен сауат ашу сабағын Контаева А.Н. көрсетті. Сабақ барысында тақырыптың мазмұнын ашу мақсатында оқушылардың өздігінен жұмыстануға бағытталған тапсырмалар пайдаланылды.
4. Технология пәні мұғалімі Абдигапарова Н.З. Көркем еңбек пәні бойынша «Натюрморт. Создание натюрморта с фруктами и овощами» тақырыбын қандай әдіс-тәсілдермен меңгертуге болатындығын көрсетті. Балалар натюрморттың тарихымен танысты, рольдік ойынға қатысты және түрлі материалдардан натюрморт жасады.
5. Қазақ тілі пәні мұғалімі Балтабаева Ж.А. сабағын «Ас мәзірі» тақырыбы бойынша көрсетті. Сабақта оқушылар қазақ тіліндегі диалогтарға қатысты, тілдік тапсырмалар орындады.
6. Қазақ тілі пәні мұғалімі Қолышбекова Г.С. «Ас мәзірі» тақырыбы бойынша өткен сабағында көрнекідік, дидактикалық матриалдарды тиімді пайдаланды.
7. 1г сынып мұғалімі Аубакирова С.Б. өткізген дүниетану пәні бойынша өткен сабақ орыс тілі пәнін /пән мұғалімі Жунусова З.С./ және ағылшын тілі пәнін /пән мұғалімі Шошанова Т.Е./ кіріктіру арқылы «Біз қалай тамақтанамыз?» тақырыбы бойынша өтті. Сабақта оқушылар түрлі тапсырмалар негізінде ежелгі адамдардың қалай тамақтанғандығы туралы қызықты мәліметтер алды, сонымен қатар, талдау, салыстыру негізінде бүгінгі
заманда адамдар пайдаланатын тағамдардың пайдасы мен зиянын анықтады. Ағылшын тілінде тағамдарға қатысты берілген сөздермен сөйлемдер құрап, диалогтарға қатысты.
8. Пән мұғалімі Жұмабаева А.А. өткізген музыка сабағы оқушылардың музыкалық білімін көрсетуге бағытталған деңгейлік тапсырмалардың түрлерімен ерекшеленді «Тағамдар музыка әлемінде» тақырыбы бойынша өткен сабақ соңында балалар түрлі музыкалық аспаптарда ойнап, аудиожазба тыңдау, салыстыру, жинақтау негізінде тақырыпқа байланысты білімдерін толықтырып, тиянақтады.
9. 1д сыныбында жаратылыстану сабағы «Табиғи жарық көздері дегеніміз не?» тақырыбы бойынша өтті. Сынып мұғалімі Альжанова А.М. сабақтың тақырыбын салыстыру, топтастыру әдістері негізінде меңгертті. Сабақта білімді бағалаудың түрлері тиімді пайдаланылды. Балалар табиғи жарық пен жасанды жарық түрлерін салыстырып, білімдерін кеңейтті.
10. Орыс тілі пәні мұғалімі Сарсембаева Б.Е. өткізген сабақтың тақырыбы «Еда и напитки». Мұғалім сабақта Блум таксономиясы негізінде әзірлеген материалын тиімді пайдалана білді. Балалар топта бірлесіп жұмыстанып, мұғалімнің көмегімен жаңа білім игерді. Сабақта тілдік мақсаттар көру, тыңдау, қайталау негізінде жүзеге асырылды. Сабақта пайдаланылған кері байланыс түрлері, бағалау түрлері осы сабақтың ерекшелігі болып табылады.
11. 1ә сыныбында математика сабағы «Монета» тақырыбы бойынша өтті. Сынып мұғалімі Тастимирова Г.А. оқушылардың білімін саралау, игерілген білімді пайдалануға үйрету мақсатында рольдік ойын ұйымдастырып, дағдыларды дамытуға, ынтымақтастыққа үйретуге бағытталған тапсырмалар пайдаланды. Сабақта балалардың өзін өзі бағалауына, бірін бірі бағалауына жағдайлар жасалды.
12. 1ж сыныбында «Монета» тақырыбы бойынша математика сабағын Какимжанова Н.А. көрсетті. Балалар сабақ тақырыбын талдау, салыстыру әдістері негізінде игерілген біліктілік пен білімді пайдалана білуге, білімді бағалауға машықтанды.
Жаңартылған бағдаламаға сәйкес өткізілген сабақтар бойынша модераторлар Пазылова Гульмира және Шойгариновна Рахымжанова Баян Қайыржанқызының қатысуымен «Жаңартылған білім мазмұнын енгізудің проблемалары мен перспективалары» тақырыбында Дөңгелек стол өткізілді.
Дөңгелек стол барысында модераторлар жаңартылған білім мазмұнын енгізу мәселесіне қатысты өзгерістер бойынша маңызды ақпараттар берді. Сонымен қатар, жаңартылған білім мазмұнына сәйкес көрсетілген сабақтарға талдау жасалды. Семинарға қатысушылар өздері қатысқан сабақтар бойынша ойларымен бөлісіп, ашық сабақтар көрсеткен мұғалімдерге әдістемелік ұсыныстар берді.
|
Семинар жоспарының екінші бөліміне сәйкес Целиноград ауданы бойынша жетекші мектеп – Ақмол ауылының №5 орта мектебінің деңгейлік курстардан өткен мұғалімдері «Целиноград ауданының жүйелік қауымдастығы мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету құралы ретінде» тақырыбы бойынша әдістемелік кездесу өткізді. Осы іс-шара барысында Н.А.Горицынаның басқаруымен ауданымыздың Жүйелік қауымдастығы шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстар бойынша толыққанды ақпарат берілді.
Сонымен қатар, қауымдастық мүшелері мектебіміздің тренерлері, деңгейлік курстардан өткен мұғалімдер сөйлеп, мектепте жүзеге асырылып жатқан эксперименттер туралы айтты.
Соңынан облыстық Педагогикалық Шеберлік Орталығынан модераторлар Пазылова Гульмира Шойгариновна, Рахымжанова Баян Қайыржанқызы мектебіміздің тренерлерімен жеке кездесіп, әдістемелік кеңестер берді.
Облыстық семинарға қатысушылардың назарына мектептің бастауыш сыныптар оқушыларының қолдарымен әзірленген «Ғылым, білім, өнерге қанат қаққан ұланбыз» атты қолданбалы өнер туындылары қойылған көрме ұсынылды.
Сонымен қатар, бастауыш сыныптар мұғалімдерінің ұйымдастыруымен әдістемелік көрмеге мұғалімдердің авторлық жобалары, оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары, дидактикалық материалдар үлгілері, жаңартылған бағдарлама боынша нормативтік құжаттар қойылды.