Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4A бөлім: Ақшаны пайдалану |
Мектеп: № 5 Ақмол орта мектебі | |
Күні: 05.04.17 |
Мұғалімнің аты-жөні: Тастимирова Г.А. | |
Сынып: 1 «ә» |
Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы |
Монеталар | |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасы на сілтеме) |
1.1.1.9 1тг, 2 тг, 5тг, 10тг, 20тг теңгелік монеталармен әртүрлі амалдар орындайды Қосу мен азайтуға берілген есептерге қатысты таңдаған амалдарын түсіндіреді
| |
Сабақ мақсаттары |
Tеңгелік монеталардың құнын түсіну, бір-бірімен салыстыру арқылы номиналы қымбаттырақ монетаны номиналы арзан монетадан ажырата білу. Монеталарды құны бойынша салыстыруға үйрету. | |
Жетістік критерилері
|
Барлық оқушылар білу керек: Монета (теңге) номиналдарын таниды, атайды, тауардың құнын төлеуде теңгелерді дұрыс пайдаланады Көпшілігі: Белгілі бір соманы теңгелерді пайдаланып, төлем жасай алады. Кейбір оқушылар: Өз бетінше қорытынды шығарып, ой-пікірін білдіре отырып, төлем жасап, артық ақшасынан қайтарым қайтара алады | |
Тілдік мақсат |
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Тиындар, ақша құны, баға, теңге, жалпы сома, қалдық ақша, қайтарым. Сабақта диалог үшін қолданылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар: • … теңгеге не сатып алар едің? • Сенде осы теңгелер болса, сен не сатып алар едің? • Бұл зат қанша тұрады? • Төлеу үшін қандай монетаны пайдаланасың? Ақша (монета) артылып қала ма? Қандай монетамен төлейсің/ қайтарым аласың ба? Ақша-деньги-money, монета-монета - coin | |
Сөздік қор |
Теңге, ақша, баға, құн. | |
Құндылықтарды дарыту |
Құрмет, еңбек және шығармашылық | |
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану, сауат ашу | |
Алдыңғы меңгерілген білім |
Теңгені тану. Ақша туралы сен не білесің? тақырыбы қарастырылған. | |
Сабақ барысы |
| |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
Сабақтың басы 4 минут
|
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: Үлкенге де сіз Кішіге де сіз, Сәлем бердік сіздерге Құрметпенен біз! 2).Балалардың көңіл -күйлерін сұрау «Бас бармақ» әдісі Көңілсіз Көңілді
(Ұ) Өткенді пысықтау 1. ҚР ның ұлттық валютасы теңге нешінші жылы айналысқа енді? (1993жылы 15қараша) 2. Әр монетаның, ақшаның бетіндегі сан нені білдіреді? (құнын)
4. Ресейдің ақшасы .......«рубль» деп аталады, 5. Қазақстанның ақшасы ..... «теңге» деп аталады. 6. АҚШ-тың ақшасы.... «доллар» деп аталады? |
Интерактивті тақта жазылған өлең жолдары |
Сабақ ортасы 3 минут
4 минут
2 минут
5 минут
4 минут
7 минут |
(Т) Жұмбақ жасыру арқылы сабақтың тақырыбын ашу - Балалар, жұмбақты тыңдап, топ ішінде талқылаңыздар да жауабын айтыңдар. Қалталардың түбінде Сылдыр-сылдыр етеді. Адамдарға мәңгілік Адал қызмет етеді. /топтардың ойларын тыңдау/ - Балалар, ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Монеталар». - Монеталар қалай пайда болғаны туралы білгілерің келе ме? Ендеше экранға назар аударайық. -Қалай ойлайсыздар, бүгінгі сабақта не үйренеміз, не білеміз? /оқушылардың жауаптарын тыңдау/ Монетаны (теңгелерді) ажырата аламыз; Заттарға төлем жасай аламыз. Сабақтың мақсатымен таныстырамын: Монета (теңге) номиналдарын таниды, атайды, тауардың құнын төлеуде теңгелерді дұрыс пайдаланап үйренеміз. Белгілі бір соманы теңгелерді пайдаланып, төлем жасаймыз. Өз бетімізше қорытынды шығарып, ой-пікірімізді білдіре отырып, төлем жасап, артық ақшасдан қайтарым қайтарып үйренеміз.
Үш тілде айтып көрейік. Ақша-деньги-money, монета-монета - coin (Ұ) «Әмияндағы монеталар» оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы суретке назар аударыңыздар және әмияндардағы ақшаның санын салыстырыңыздар. Оқушылар санау арқылы әмияндағы монета сандарының тең екенін анықтайды. Енді әмияндағы монеталардың құнына назар аударыңыздар. Монеталардың құнына қарап салыстырыңыздар. Оқушылар әмияндардағы монеталар саны тең болғанымен, ондағы ақшаның саны тең емес деген қорытындыға келеді. Нәтиже монеталардың құнының салыстырылуына байланысты болады.
Дискрипторлар: Монеталардың әр түрлі екенін анықтайды. Монеталарды белгілері бойынша салыстырады. Топтық жұмыс 1-топ. Монеталы гүлдер Монеталарды тап. Мына гүлдерге мұқият қараңыздар. Онда монеталар жасырылған. Гүлдерде әртүрлі монеталардың нешеуі жасырылғанын санап, жауаптарын бос торкөздерге жазыңыздар. 2-топ. Монеталар Монеталарда бейнеленген сандардың өсу ретіне қарай оларды бір сызықпен жалғастырып қосыңыздар. 1 теңгелік монетадан бастаңыздар. 3-топ. Монеталардың құнын анықтау Монеталарды оның құнымен сызық арқылы қосыңыздар. 4-топ. Монеталардың сомасы нешеге тең? Монеталарды санап көріңіздер. Бос орынға жазып көрсетіңіздер. Сергіту сәті. «Менің орным қайда?» ойынын ойнату. Оқушыларға ойынның шартын түсіндіру. Әр оқушының қолында монетаның бір түрі ғана болады. Нұсқау бойынша, оқушылар өз тобын және өз орнын табуы керек. Сыныптың әр жеріне 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг деп жазылған парақшалар ілінеді. Шарты: “Құны ең кіші монета” дегенде, оқушылар 1 тг деп жазылған парақша ілінген жерге барып тұрады. “20 тг мен 5 тг-нің арасында орналасатын монета” дегенде 10 тг деп жазылған парақша тұсына барып тұрады. “Құны ең үлкен монета”, “10 теңгенің жартысы болатын монета”, “жартысы 10 теңге болатын монета” т.с.с. нұсқаулар бойынша оқушылар орындарын тауып тұрады. (Ұ) Практикалық тапсырма. «Дүкенде» 1-топ. Курьерлер. Дүкенге тауар әкеліп, ақшасын алады. 2-топ. Дүкенші. Тауардың бағасын қойып, сатылымға шығарады. 3-топ. Сатып алушылар. Керек затты сатып алып, төлем жасап, қайтарым ақшасын алады. 4-топ. Сарапшылар. Сарапшылар белгілі бір критерилер бойынша болып жатқан іс әрекетті бақылап, қорытынды шығарады. Дискрипторлар: Сатушы заттың бағасын көрсетеді. Сатып алушы әртүрлі мөнеталармен дұрыс төлем жасайды. Дүкенші дұрыс қайтарым жасайды. |
Интерактивті тақтада бейнесюжет көрсету. http://yandex.kz/video/search?text=%D1%80%D0%
Үш тілде жазылған парақшадағы сөздер.
Оқулық
Бағдаршам көздері арқылы оқушылар бірін бірі бағалайды.
А3 парақшалары, маркерлер.
1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг деп жазылған парақшалар.
|
Сабақтың соңы 5 минут |
Бекіту сұрақтары: Ø Құны ең кіші монета қандай? Ø Құны ең үлкен монетаны ата. Ø Қымбат емес заттарды сатып алу үшін біз ....қолданамыз.(Монеталарды) Ø Қай кезде бізге қайтарылым ақша беріледі? Рефлексия Маған сабақта ....... ұнады. Бүгінгі сабақта ........ қиын болды. - Кім критерийлерге жетті? - Қандай қиындықтар болды? - Қандай тапсырма қызықты болды? |
Өз-өзін бағалау парағы мен стикерлер |
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? "Дүкенде" тапсырмасындағы курьерлерді, дүкеншіні, сатып алушыларды, сарапшыларды балалардың білім деңгейіне сәйкес таңдап аламын. |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Оқушылардың монета теңгелерді ажырата алуы мен есептеуде қолдана алу қабілеттерін бағалаймын. Номиналы әр түрлі монеталармен төлем жасаудың 2-3 әдісін көрсете алуын бағалаймын. |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Қабылдау деңгейі жоғары оқушыларға теңгемен байланысты өрнектерді шығаруды тапсырамын. |
Денсаулық сақтау технологиялар Қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстыру | |