06.10.2025
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ педагогикалық және басқа да қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасу үшін конкурс жариялайды. Қажет маман: Аға тәлімгер(негізгі қызметкердің декреттік демалысы уақытына). Үміткерге қойылатын талаптар: Педагогикалық жоғары немесе орта мамандандырылған білімі. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
Жеке басын куәландыратын құжат;
Толтырылған жеке іс парағы;
Білімі туралы құжаттың көшірмесі және қосымшасы;
Еңбек өтілі болған жағдайда еңбек кітапшасының көшірмесі немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат;
ҚР ДСМ № 175/2020 нысанындағы медициналық анықтама;
Психоневрологиялық анықтама;
Наркологиялық анықтама;
Жұмыс орнынан ұсынымхат. Кәсіби жетістіктерін растайтын өзге де құжаттар (үміткердің қалауы бойынша).
Құжаттарды қабылдау мекенжайы:
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмола ауылы, Гагарин көшесі, 1А.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 03 қазаннан бастап 13 қазанға дейін.
⏰ Қабылдау уақыты: 09:00–18:00.
Конкурс комиссиясының отырысы: 2025 жылғы 14 қазан күні сағат 10:00 - де өтеді.
Конкурс нәтижелері бойынша ақпарат (akmol-shkola.edu.kz) мектеп сайтында 2025 жылғы 15 қазанда жарияланады.
Байланыс ақпараты:
Тел.: 8 (71651) 30-314
E-mail: yakhina2015@mail.ru