Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Күнделікті өмірдегі есептеулер. Монеталар.

05.05.2017

Күні  05.04.2017 ж.

Пәні: Математика

Пән мұғалімі:  Какимжанова Н.А

Сынып: 1ж

Оқушы саны: 24

Сабақтың тақырыбы:      Күнделікті өмірдегі  есептеулер.  Монеталар.

Сабақтың мақсаты:   Теңгелік монеталардың құнын түсіну, бір-бірмен салыстыру арқылы    қымбат монетаны арзан монетадан ажырата білу. Монеталарды құны бойынша салыстыруға үйрету. Құны әр түрлі монеталарды қолдана отырып, қажетті соманы әр түрлі тәсілмен жинақтау.

Сабақта  қол жеткізілетін оқу мақсаты :

Барлығы:    1 теңге, 2 теңге, 5 теңге, 10 теңге, 20 теңгелік монеталарды ажырата алады.

Басым бөлігі:    Қосу мен азайтуға берілген есептерге қатысты таңдаған амалдарын түсіндіреді және салыстыра алады.

Кейбіреуі:   Өмірде қолдана алады.

Құндылықтарды  дарыту: Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: Қазақ  тілі,  дүниетану

Ресурс:  Аудиожазба, таныстырылым

Тілдік құзіреттілік:   Заттың құны

Алдыңғы меңгерілген білім: Ақша. Теңге.                                                        

Сабақтың  барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта  жоспарланған  іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

Психологиялық дайындық

Үлкенге де, «сіз»,

Кішіге де «сіз»,

Сәлем бердік бас иіп,

Құрметпенен біз. (бастарын иеді)

Топқа бөлу

Оқушыларды 3 топқа бөлемін.

Топ ережесін естерінен саламын, ауызша қайталаймыз.

Өткенді  қайталау

сұрақ-жауап арқылы  жүргізіледі:

-   Ақша не үшін керек?

- Заттарды сатып алу үшін не қолданамыз?

-   Қазақстанның ұлттық  валютасы қалай аталады?

Енді, мен сендерге жұмбақ жасырайын:

Қалталардың түбінде,

Сылдыр-сылдыр етеді,

Адамдарға мәңгілік,

Адал қызмет етеді. (монета)

Ендеше, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы Монеталар.

Монеталардың  суретін   интерактивті тақтадан көрсетіп, салыстырмалы  түрде Ресей мемлекетінің  монеталарын көрсетемін.

-   Енді, балалар, монета туралы тереңірек білу үшін аудио жазылым тыңдайық.    

Шаттық шеңбері

 

 

 

 

Топ ережесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Интерактивті 

тақта

   

Сабақтың ортасы

30  мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Сабақтың соңы

10мин

 

Қорытынды 

 

 

 

 

Жаңа сабақ  

Аудио тыңдалым  (2 мин)

Ақшаның металлдан жасалған түрі сауда-саттық  кезеңінде пайда болды.

Лидия мемлекеті монетаның отаны болып есептеледі. Онда монета алғаш рет б.з.д. VII ғ. шыққан, ал «монета» термині Юнон-Монета-храмы атымен байланысты, себебі көне Римде алғашқы монета сарайы болған. Металл ақшаларға мыс, күміс және алтыннан жасалған монеталар жатады. Металл ақшалар әр түрлі пішінде болған. Монетаның бет жағы аверс, артқы жағы реверс және бүйірі гурт деп аталады.

(Тақтада аверс, реверс, гурт жаңа

сөздері  ілініп тұрады).

Ойын:  «Монеталар пойызы»

(5 мин)

Шарты:

1.Әр топқа құндары әр түрлі қапшыққа салынған монеталар таратылады.

Мысалы: ( 1тг, 2тг, 5тг, 10тг, 20тг)

2. Әр топ монеталарды вагондарға құны бойынша кему ретімен орналастырады.

Сұрақтар қою  (3 мин)

1-топқа: 5тг мен 20тг орналасқан вагонның ортасында қандай монета орналасқан? (10тг)

2-топқа: 5тг монетаның екі жағында неше теңгелік монеталар бар? (2тг, 10тг)

3-топқа: 1тг мен 10тг орналасқан вагондардың ортасында қандай монеталар бар? (2тг, 5тг)

Оқулықпен жұмыс (5 мин)

Әмияндағы монеталар

Оқулықтағы суретке назар аударылады  3 топқа суреті үлестіріледі. Оқушылар санау арқылы монета саны тең екенін анықтайды. Одан кейін құнына назар аударады. Монета саны тең болғанымен, ақшаның құны тең емес деген қорытынды жасайды.

Өздік жұмыс (Ө)  (5 мин)

(ҚБ тапсырмаларын орындау)

Оқушыларға тапсырманы орындатамын.

Білім алушылар  монеталар мен  олардың тобын салыстырады: 1тг, 2тг, 5тг, 10тг, 20тг монеталарды қолданып, қажетті соманы жинақтайды.

         1-тапсырма:

Берілген монеталардың құнын салыстырыңыз.< , > , =, таңбаларының тиістісін қойыңыз.

Дескриптор

Білім алушы екі монетаның құнын салыстырады. Таңбаларды дұрыс қолданады.

           2- тапсырма:

Берілген соманы  1тг,2тг,5тг,10тг, 20 тг, теңгелік монеталарды  қолданып, түрлі  тәсілмен жинаңыз.

Дескриптор:

Білім алушы  құны әр түрлі монеталарды қолдана отырып, қажетті соманы  әр түрлі  тәсілмен жинақтайды.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру (Т)

«Менің орным қайда»?  ойыны

Әр оқушының қолында монетаның бір түрі ғана болады. Нұсқау бойынша оқушылар өз тобын және өз орнын табуы керек. Сыныптың әр жеріне 1тг, 2тг, 5тг, 10тг, 20тг деп жазылған парақшалар ілінеді.

Шарты

Құны ең кіші монета дегенде оқушылар 1тг деп жазылған парақша ілінген жерге барып тұрады. «20тг мен 5тг арасында орындалатын монета» дегенде (10тг). 10тг жартысы болатын монета дегенде (5)тг, жартысы 10 тг болатын монета (20тг)

 Дәптермен жұмыс (7 мин)

Жұмыс дәптерлеріндегі тапсырмалар   орындалады

Оқушылардың тапсырмалары  өзара тексеріледі.   

Сергіту сәті

(Ж)  Жұптық  жұмыс

Оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейін тексеру   мақсатында мынандай сұрақтар қоямын: (2 мин)

Ø  Құны ең кішкентай монета қандай?

Ø Құны ең үлкен монетаны анықтаңыз.

Ø    Монетаны кему ретімен атаңыз.

Ø  20 теңге алу үшін неше 1 теңгелік монета керек?

Жауаптар жұпта  талқыланады.

Қорытынды:

Монетада жазылған сан оның құнын білдіреді. Ккіші монетаның құны төмен, ал үлкен монетаның құны жоғары болады.

Рефлексиялық экран (3 мин)

Оқушылар шеңберде тұрып, экраннан сөйлемнің басын оқып, ойды жалғастырады.

Ұсынылатын сөйлемдер

v    Бүгін мен білдім...

v    ... қызықты болды.

v   ... қиын болды.

v   ... екенін түсіндім.

v   ... үйрендім.

v   ... қолымнан келеді.

 

Табыс ағашы   (5 мин)

Әр оқушы өзінің ағашын безендіреді.

Барлығын дұрыс орындаса, үлкен құнды 100 теңге, қиындықтар кездессе 10 теңге, қате көп қиналған болса 1 теңгемен безендіреді.

(Аттарын жазады)

Аудиожазба

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Монеталар

 

 

 

 

Вагондар макеті

 

 

 

  Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Монеталар 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Монеталар 

суреттері

 

 

 

 

 Жұмыс  дәптерлері

Просмотров: 874


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст