Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ас мәзірі

05.05.2017

Сабақтың тақырыбы:

Ас мәзірі

 

Мектеп:  №5 Ақмол  орта  мектебі

Күні: 05.04.2017

Мұғалім: Балтабаева Ж. А

Сынып: орыс 

тілінде  оқытылатын 1 «е» сынып

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Сабақта меңгерілетін

дағдылық мақсаттар

1.1.4.1 Мұғалімнің көмегімен тыңдалған материал не туралы екенін түсіну.

1.2.3.1 Сұхбаттасын түсіну және түрлі тәсілмен әрекет жасау, этика нормаларын сақтап жауап беру

 

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар білуге тиісті:

Тағам түрлерін атай алады, ас мәзірі бойынша қалаған тамағын ала алады.

Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:         

Тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады, тақырып көлемінде өзара тілдесе алады.

Кейбір оқушылар білуге тиіс:   

Сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.

Сөздік қор:

Ас  мәзірі, Ас болсын! Сорпа, ботқа, ет, бауырсақ, су, шырын,сүт, салат, асхана,

 

 

Бұрыннан бар білімдері

 

Жоспар

Жоспарланған

уақыттар

Жоспарланған уақыт (жаттығулар)

Ресурстар

Басталуы

1 минут

 

 

 

6 минут

 

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі

«Көңіл күйім» жаттығуы

Қайырлы таң балалар!

Қайырлы таң апайлар!

Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз

Өткен сабақты қайталау

Мұғалім оқушыларға өткен сабақтағы алған білімдерін қайталау үшін сұрақтар қоямын.

Ø Оқушылар сендер таңертең   не жедіңдер?

Ø Не іштіңдер?

Жеке жұмыс жүргізу.

Тапсырма: Флеш карта арқылы ішемін, жеймін сөздерін айыра білгізу Тағамдардың, сусындардың суреттерін көрсету арқылы ішемін, жеймін сөздерін қалай ұққандарын түсіну. Балаларға әр жауаптарын дәлелдетіп отыру керек.

Дескриптор: Қызыл және жасыл түстері арқылы

Ішемін және жеймін сөздерін ажырата біледі.

Кері байланыс неге деп орысша сұрай беру керек.

Сабақтың мақсаты: Балалар, сендермен жаңа сөздермен танысамыз, оларды қолдандана отырып  өзара сөйлесеміз, тапсырмалар орындаймыз.

 

 

 

 

 

 

Флешкарта

 

Ортасы

20 мин

Жаңа сабақ

1.Ал енді, бүгінгі біздің тақырыбымыз «Ас  мәзірі». Бүгінгі жаңа сөздермен танысайық.

Асхана - столовая

Аспаз – повар

Ас мәзірі – меню деген сөзді түсіндіріп кету.

Ас болсын! – Приятного аппетита!

Осы сөздерді балаларға таныстыру, айтқызу және қайталату.

Кері байланыс:

2. Балалар, біз асханаға барғанда, аспаздар бізге ас мәзірін ұсынады.  Ас мәзірінде  әзірленген тамақ тізімі жазылады. Ол былай көрсетіледі.

Ас мәзірі

Таңғы ас

1.     Ботқа

2.     Су

                         Түскі ас

1.     Сорпа

2.     Ет

3.     Салат

4.     Шырын

                          Кешкі ас

1.     Бауырсақ

2.     Сүт

Слайд

7 минут

Тапсырма оқулықпен жұмыс 116 бет  1- тапсырма.

Мен нан аламын. Мен сүт аламын.

                   Мен

аламын.

Дескриптор: Мұғалімнің көмегімен

оқушылар сөйлем құрай алады.

Кубизм әдісі

Сергіту сәті        1минут

«Қара жорға» әуенімен  би қимылдары орындалады

Бейнеәуен

9  минут

Қалыптастырушы бағалау

Жаңа тақырыпты бекіту

Тапсырма №1

Сөздерді тиісті суреттермен сәйкестендіру

Дескриптор: Суретпен сөздерді сәйкестендіре алады.

Тапсырма №2

«Кім тапқыр»  берілген сөздердің ішінен тақырыпқа қатысты сөздердің астын сыз.

Дескриптор:

Берілген сөздердің ішінен тақырыпқа қатысты сөздерді тауып астын сызады.

 

1 минут

Бәрін түсіндім.    Толық  түсінбедім.    Ештеңе  түсінбедім.

Просмотров: 1657


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст