Целиноград ауданы мектептерінің 5-10 сынып оқушылары арасында Махамбет, Фариза, Оралхан шығармаларын насихаттау және жас дарындарды анықтау мақсатында Тайтөбе орта мектебінде «Ақын-жазушылар оқулары» сайысы өтті.
Сайыс төрт аталым бойынша өткізілді:
1. Махамбет Өтемісұлы мен Фариза Оңғарсынованың шығармаларын жатқа мәнерлеп айту аталымында аталған ақындар шығармаларын ең көп жаттап және нақышына келтіріп оқыған оқушылар өнерлерін көрсетті.
2. Махамбеттің күйлерін, Фариза Оңғарсынованың өлеңдеріне жазылған әндерді орындаушылардың конкурсы
3. Жас дарындар конкурсы аталымында қатысушылар өз шығармаларын: өлеңдер, әндер, күйлер орындады.
4. Өр Алтайдың тумасы Оралхан Бөкей шығармашылығынан көркемсөз оқу аталымы
Бұл сайыста біздің мектебіміздің намысын қорғаған 6ә сынып оқушысы Насыр Сабина /пән мұғалімі Баймурзина Ақмарал Серікқызы/ Махамбет пен Фаризаның өлеңдерін жатқа айту аталымында үздік өнер көрсетіп, сәйкесінше жүлделі бірінші және екінші орын иеленді.
ЖЕҢІМПАЗЫМЫЗҒА ЖАҢА ЖЕҢІСТЕР ТІЛЕЙМІЗ!