Мектебіміздің биылғы оқу жылын аяқтаған 54 түлегі алтын ұя мектебімен қоштасып, жарқын болашаққа жолдама алды. Кәмелекттік аттестат алған түлектерімізді алда оларды үлкен өмір күтіп тұр.
Жас түлектің бүгін, міне, құшағы – гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары – бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл, шіркін, тасып, толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты-ау,
Бой жетіпті бантикті қыз кешегі.
Талай - талай жылдар өтсін табысты,
Қабырғаңнан жас түлектер бүгін ұшты.
Бесінші мектептің қырандары,
Көтеріңдер биіктерге намысты.
Мойытпасын қиындықтар сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар елді енді.
Мойытпасын қиындықтар сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар елді енді.
Қандай ғажап қарашы айналаңа,
Бақыттан басың, сiрә, айнала ма ?!
Ұл-қызым азамат боп есейдi деп,
Қуанады, шаттанады ата-ана.
Құрметті түлектер! Сiздердiң де бақытты жарқын өмiрге аяқ басқандарыңызға бiз де қуаныштымыз. Алда басталар өмiрдiң саналы жолы ешкiмдi адастырмасын. Сiздер жердегi жұлдыз болсаңыздар, аспандағы жұлдыздарыңыз өздерiңiзге серiк болып, алысқа жетелесiн!