Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Алжир" мұражайына саяхат

13.06.2017

«Ақ желкендегі»  бұл  күн әдеттегідей  басталды. Оқушыларды тіл үйірмесінен  кейін  «Алжир» мемориалды  мұражай  кешеніне  саяхатқа алып бардық.  Биыл  бұл  мұражайдың ашылуына он жыл болды. 

Балалрды  жылы  жүзбен  қарсы  алған  мұражай  қызметкерлері  балаларға мұражай  туралы,  оның  жәдігерлері  туралы  мәні  де  мазмұнды  әңгімелер  айтты.

Мұражайдың ғылыми қорында 10 мыңнан астам мұражайлық  маңызы  бар материал  жинақталған. Осы тарихи жәдігерлердің 4 мыңға жуығы негізгі қордың сыбағасында. Бұл орайда, әсіресе, мұражай экспозициясының төрінен орын алған ұлтазаттық көтерілістерін сипаттайтын, батырлардың  өмірінен  сыр  шертетін, ұлы Абайдың ұрпақтары мен туыстарының қуғын-сүргінге ұшырауын көрсететін,  «Алжир»  лагерінде  болған әйгілі әйелдердің ауыр тағдырына арналған  және  өткен  ғасырдың 50-ші  жылдарында қазақтың зиялы  қауым  өкілдерінің,  көрнекті ақын-жазушылары мен ғалымдарының қуғындалуын айғақтайтын  деректі  және  зерттеу материалдарының  алатын орны ерекше екені  айтылды.  Балалар өздерін  қызықтырған сұрақтарына тұщымды  жауап  алды.

Еліміздің,  даңқты  халқымыздың  өткен  тарихына арналған  саяхат «Ақ желкен»  демалушыларына  ұнады.   

Просмотров: 575


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст