«Ақ желкеннің» жұмыс жоспарына сәйкес демалушыларды бүгін көптеген қызықтар күтіп тұр еді. «Қазына іздеу» күніне тәрбиешілер бір күн бұрын түрлі тапсырмаларға толы "өткелдер" дайындады.
Оқушылар «қазына» іздеу жолында көптеген қызықты кедергілерге ұшырады. Олар, ең алдымен, «қазына» картасын іздеп, тауып алды. Әрі қарай балалар сол картадағы жол бағыттары бойынша жүріп отырды. Балалар «үңгір» арқылы «сарқырамаға» өтті. Олардың жолдарында «өрмекшінің торы» да кездесті. Балаларды әр кедергі сайын түрлі тапсырмалар күтіп тұрды. Сол қызықты тапсырмаларды орындап, олар келесі өткелдерге өтіп отырды. «Кокос» теріп, түрлі ойындар ойнап, қызыққа батты. Әр өткелден өткен сайын ұйымшылдық, тапқырлық танытқан балалар жол соңында мақсаттарына жетіп, «қазынаны» тапты.
Бүгінгі күн балаларға керемет әсер қалдырды.