Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Елбасы Жолдауы - жарқын болашаққа жетелейтін құжат.

06.08.2017

Яхина Алла Айдарбекқызы

«Ақмол  ауылының  №5  орта  мектебі»  мемлекеттік  мекемесі директорының міндетін атқарушы

Жыл  сайын  Қазақстан халқы  Елбасының  халыққа  Жолдауын ерекше  зор ықыласпен  күтеді. Президентіміздің  Қазақстан  халқына биылғы  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын «Ақмол  ауылының  №5  орта  мектебі»  мемлекеттік  мекемесінің  ұстаздар  қауымы жаңа  онжылдыққа  арналған  жаңа  жоспар  ретінде  қабылдады. Себебі, Елбасының  Жолдауы – көкірегі  ояу әр  қазақстандықтың  ертеңгі  жарқын  болашаққа   деген  сенімін  арттыратын  тарихи құжат.

2017 жылғы  Жолдаудың негізіне  еліміздің  2020  жылға  дейінгі  көшбасшылыққа  ұмтылған  стратегиялық  жоспары алынған. Бұл  тарихи,  дәуірлік  құжатта Президент  қарышты  даму  жолындағы саяси  тұрақты  Қазақстанның  басым  бағыттағы  міндеттеріне анықтай  келіп, экономиканың  қарқында  дамуынан әлеуметтік  саланың  дамуына  алып  келетінін  ерекше  атап  көрсетті.   

«Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру.  Оқыту бағдарламаларын  сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет", — делінген Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған  биылғы Жолдауында. Сонымен бірге,  IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға,  ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керектігі,  қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажеттігі  аталды.  

Мектебіміздің ұстаздар қауымы үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшуде қазақ  тілінің  басымдығы сақталатынына,  Жолдауда  көрсетілгендей,  оның әрі  қарай  дамуына зор  көңіл бөлінетініне  қолдау  білдіреді. Себебі,  бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. «Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі екі есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан  жалпы  ұлттық  прогреске  жете  алмайды", — делінген  Жолдауда. Сонымен  қатар,  2017 жылдан  бастап,  Қазақстанда  "Баршаға  арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру"  жобасы  іске  асырыла бастайтындығы  түлектеріміздің  өсіп-өнуіне  деген  ерекше  қамқорлық  деп  түсінеміз.  «Кәсіптік білім беру жүйесінде, мен айтқандай, экономикадағы жаңа  өндірістер  үшін  мамандар  дайындауға  ден  қою  керек» - деген  Елбасы, —  "Ол үшін кәсіптік стандарттар еңбек нарығының талаптарына және ең үздік әлемдік оқу-өндірістік тәжірибелерге сәйкес жаңартылуы қажет", — деп санайды. Бұл  дегеніміз –  әрбір  білімді  маман өмірден  өз  орнын  табады  және  Отанымыздың  дамуына  қарқынды  үлес  қосады  деген  сөз.

         Мектепте  балалардың  саналы  тәрбие  мен  сапалы білім алуына  барлық  жағдайлар  жасалған.  Мектебіміздің  ұжымы  Президентіміздің  2017  жылғы  Жолдауының  негізгі  қағидаларын  толығымен  қолдайды.  Әр   мұғалім  өзінің  белсенді,  қажырлы  еңбегінің  арқасында  Жолдауда  білім  беру  саласы  бойынша  анықталған  жоспарларды  жүзеге  асыруға  зор  үлес  қосатынына  сенім білдіремін.

Просмотров: 352


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст