Текст
Шуақты қыркүйек айының шуақты күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр.
Құшақ жая қай жерде де қарсы алар,
Абзал жан бар, биік тұлға байсалды.
Қуаныш пен салтанатты шақтарда
Қонақтар мен басшылар ақ тілегін ақтарар.
Егемен елдің төсінде,
Шуағын шашсын арай күн.
Азамат болып өсіңдер,
Қызыға жұртың қарайтын.
Күтіп тұр алда сан қызық,
Асулар асқар, неше сын.
Кеудеңе үміт жанғызып,
Азамат болып өсесің.
Үміттің отын жандырған
Қызырдан болсын қолдаушың
Хош келіпсің, балдырған,
Қадамдарыңа нұр жаусын!
Ұшталсын үміт -арманнан,
Таудай болсын талабың!