Кажикова Раушан Естайқызы,
мектеп психологы
«Ата-ана махаббаты» тренингі
Бұл тренинг «Мерейлі отбасы» апталығы жоспары аясында өткізілді. Тренингке 1 сынып оқушылары және ата-аналары қатысты.
Мақсаты: Психологиялық жаттығулар арқылы ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін көрсету. 1 сынып оқушыларының бейімделуі қалыпты жағдайда өтуі үшін ата –ана және мұғалімдер тарапынан көрсетілетін көмекті үйлестіру.
Көрнекіліктері: Тақырып, қағаздар, шам, теледидар, сиқырлы таяқша, альбом, газет, шар
Тренинг бағдарламасы:
1. Есімдер аллитерациясы
2. Психологиялық кеңес «Ата-ана махаббаты»
3. «Біз біргеміз!» жаттығуы
4. «Өтінемін» ойыны
5. «Сиқырлы таяқша» жаттығуы
6. «Тілек шамы»
7. Ой- толғаныс
Тренинг барысы
І. Ата-аналарды қарсы алу. Бағдарламамен таныстыру
ІІ. Есімдер аллитерациясы
Мақсаты: Ата-аналарды бір-бірімен таныстыру
Шарты: Әр отбасынан бір адам отбасы мүшелерінің есімдерін атайды және есімдерінің бірінші әрпінен басталатын жағымды қасиетін айтады.
Әр отбасының таныстыруынан кейін қалғандары үш рет қол соғып, қошеметтеп қояды.
Қатысушыларға сұрақтар қойылады:
- Сіздің есіміңізді, жақсы қасиетіңізді айтып жатқанда қандай сезімде болдыңыз?
- Өзіңіз қазіргі кезде қандай көңіл-күйде отырсыз?
ІІІ. Психологиялық кеңес «Ата-ана махаббаты»
Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынстарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына
байланысты.
Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігінің, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.
Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. Ата-ана «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» деп, әлпештеп өсірген перзенті ауырып, не басқа бір қатер төнсе, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп, құдайға жалбарынған.
Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс. Ата-аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап жатады.
Сондықтан да мектеп өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата-ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын семинар тренингтердің маңызы орасан зор.
ІІІ. « Біз біргеміз!» жаттығуы
Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынасты нығайтуға өзара түсінушілікте үйлестіру бағытында ата-аналар мен балаларға қолдау көмек көрсету.
§ «Қолынан танып біл»
Көздері байлаулы әкелері балаларын тауып алулары керек.
Талдау:
1.Сізге балаңызды табуға не көмектесті?
2.Балаңыздың қолынан ұстағанда, не сезіндіңіз?
§ «Біз – бақытты жанұямыз»
Алдын-ала салынған суреттер ішінен әр ата-ана өз балаларының салған суреттерін тауып алу керек.
Талдау:
1. Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз?
2. Суретті дәл табу қиын болды ма?
3. Отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз?
§ «Аралда»
Қажетті құралдыр: газет
Қатты теңіз толқуынан кейін кеме суға кетіп, кемедегі жолаушылар аралдарға бөлініп топталды. Енді осы аралдарда түрлі отбасы өмір сүріп жатыр. Аралдарды бірте-бірте су басуда. Әр отбасы осы аралдан өздерін аман алып шығулары керек.
§ «Үшеуіміздің суретіміз»
Қатысушылар суретті бір-бірімен ақылдаспай салады. Баласы суретті бастайды, әкесі жалғастырады және екінші суретті бастап кетеді, анасы ол суретті жалғастырады және келесі суретті бастап кетеді, баласы суретті аяқтау керек.
Талдау:
1. Сіздің бастаған суретіңіз ойыңыздан шықты ма?
2. Алға қойған мақсатқа жетуде кедергі болды ма?
3.Бір-біріңізді қалай түсіндіңіздер?
4.Өзіңіз суретке қанағаттанасыз ба? Жоқ болса, неге?
Әр отбасының салған суреттерін талқылауға уақыт беріледі.
ІV. «Өтінемін» ойыны
Мақсаты: Ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бір-біріне көңіл бөлу, бір-бірін тыңдай білуге үйрету.
Қатысушылар ортаға жартылау шеңбер жасап тұрады.
- Құрметті ата-аналар, балалар! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіздер?
- Рахмет, өтінемін, т,б
- Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам, сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.
-секіріңдер
-оң аяқтарыңды көтеріңдер
-өтінемін, қол шапалақтаңдар
-өтінемін, бір-біріңді құшақтаңдар.
- оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды уқалаңдар
V. «Сиқырлы таяқша» жаттығуы
Сиқырлы таяқшаны бір-біріңе ұсына отырып, адам бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерді айтып шығайық.
Жағымды қасиеттер |
Жағымсыз қасиеттер |
мейірімділік |
өтірік айту |
жаны ашу |
өшпенділік |
сыпайылық |
кек сақтау |
даналық |
тіл алмау |
- Әр жағымсыз
қасиеттің өзінің жақсы жағы болады. Мысалы: сараң адам ол – үнемшіл. Төбелесу біреуге қол ұшын беру үшін болуы мүмкін. Енді осындай жағымсыз қасиеттердің өзіндік жақсы жақтарын айтайық.
VІ. «Тілек шамы»
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
- Құрметті ата-аналар, балалар. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып, бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса, барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
VІІ.
Ой-толғаныс
- Тренингтің басталуында сіздерге бағдарлама берілді. Сол бағдарламаның артында тілек жазуға арналған жолдар бар. Сол жолдарға ата-анаға, оқушыға, мұғалімге өз ұсыныстарыңызды немесе ой-пікірлеріңізді жазуыңызға болады.