Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Аяулы күз, Алтын күз - 2017" мерекесі

30.10.2017

1-жүргізуші:  Армысыздар,  қымбатты ұстаздар, оқушылар! Табиғат – күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз – адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі   күз, алтын күз деп баға береді.

         2- жүргізуші:

Екінші айы бұл күздің,

Доп қуып, футбол ойнаймыз.

«Күзгі балын» мектептің

Қазан айында тойлаймыз! - деп,  бүгінгі «Күзгі бал» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

        1- жүргізуші: Жыл мезгілдерінің бәрі тамаша. Әйтсе де, бүгін біз КҮЗге деген құрметімізді көрсетпекшіміз. Құрметті қауым! «Аяулы күз,Алтын күз-2017 » мерекесінің бағдарламасымен таныс болыңыздар.

        Сайыс бес бөлімнен тұрады:

1. «Кел танысайық»

2. «Өнерлі  өрге  жүзер»

3. «Қас -қағым сәт» (күз мезгіліне қатысты сұрақтарға жауап беру)

4. «Сән үлгісі» номинациясы  (күзгі сән үлгілерін көрсету)

5. «Күзгі сый» (күзгі табиғи материалдан жасаған жұмыстарын көрсету)

Күз мейрам құтты болсын баршаға,

Күздің сәні келіп қапты ортаға.

Әділқазы алқалармен таныстырып,

Кетейінші осы отырған баршаңа, - дей отырып, құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейік.

    ___________________________________________________________

    ___________________________________________________________

    ___________________________________________________________

    ___________________________________________________________

1-жүргізуші:  Бүгінгі балымыздың үміткерлері ханзадалар мен   ханшайымдар.                       

  2-жүргізуші: Бүгінгі Алтын күз балына басқа елдерден қонақтар келіп қалыпты, олай болса, қонақтарымызды ортаға шақырып, таныс болайық.

     1-жүргізуші: Бірінші қатысушымыз өз еліміздің Хан мен Ханшасы

____________________________________

     2- жүргізуші: Екінші қатысушыларымыз Рим елінен келіп отырған

____________________________________

    1- жүргізуші:Үшінші қатысушымыз Жапония елінен келген

____________________________________

    2- жүргізуші:Төртінші қатысушымыз Испания елінен келген

____________________________________

    1- жүргізуші: Бесінші катысушымыз Үндістан елінен келіп отырған

____________________________________

   2- жүргізуші: Ең соңғы қатысушымыз  Франция елінен  келген

____________________________________

        1- жүргізуші: Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, алдымен, топтың

қайсысы бірінші болып шығатынын анықтап алайық. Ол үшін жеребе тартса дейміз ханзадалар. Сайысымыздың келесі  кезеңінде қатысушылар өз өнерлерін көрсету керек, олай болса Хан мен Ханшаларымыздың өнерлерін тамашалайық. (ән,би тб)

  2- жүргізуші: Ханзадаларымыз бен ханшайымымызды өз өнерлерін көріп болса, үшінші бөлім  «Қас - қағым сәтке» (Күз мезгіліне байланысты сұрақтарға жауап беру) кезек берейік.

    «Жапырақ теру» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Алдарыңыздағы шашылған жапырақшалардағы сұрақтарға жауап беру.

1 - сұрақ: Күз мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге ұшырайды? - /Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшады. Адамдар, балалар жылы киінеді./

2 - сұрақ: Жұмбақ шешу.

Ағайынды бәрі,

Шықса – жасыл,

Түссе – сары. Бұл не?  /жапырақ/

3 - сұрақ: Күз мезгілі нешеге бөлінеді? - /ерте күз, алтын күз, қара күз/

4 - сұрақ: Күз айларын ата. /қыркүйек, қазан, қараша/

5 - сұрақ: Жұмбақ шешу.

Аспай піскен, қайнамай түскен.  /жеміс/

6 - сұрақ: «Мақал - мәтелді жалғастыр»

1. Еңбек түбі --------------------

2. Еңбек етсең ерінбей --------------------

7 - сұрақ: Бес жеміс - жидектерді атап беру. /алма, алмұрт, жүзім, өрік, шабдалы/

8 - сұрақ: Бес көкөністерді атап беру. /пияз, қызанақ, орамжажапырақ, картоп, сәбіз/

Әділқазылар бағаларын береді.   

 2- жүргізуші:

«Модельер болу оңай ма?

Қиналып жатсаң, мұңайма.

Әр мамандық өзгеше,

Өз мәнінде, шырайда, - демекші, келесі кезекте  «Сән үлгісі» сайысы.

1- жүргізуші:  Бұл сайыстың шарттарымен таныстырып өтсек: сайыскерлеріміз күз байлығын көрсету мақсатында үйден түрлі күзгі киімдер дайындап келуі тиіс еді. Табиғи материалдар пайдалануына да болады.

  2- жүргізуші: Ал, олай болса, «Сән үлгісі» номинациясына кезек берсек.

       1- жүргізуші: «Күз сыйы»

бөлімінде қатысушыларымыз күзгі сыйдан өз шығармашылықтары бойынша дайындап әкелген туындыларымен таныстырсын. Олай болса, топтарымыз  өздері дайындаған табиғи материалдан жасаған жұмыстарын таныстырып өтсін. Және  әділ қазылар алқасы да қарап, бағалап жіберсе.

   2- жүргізуші:  

Білім - теңіз, мектепті кеме дейміз,

Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,

Әдемі мен тәлімі үндесетін,

Жастарды болашаққа жетелейміз.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын

Өмір - күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,

Ойлы орта кеңейсін күннен - күнге

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- дейй отырып, бүгінгі «Аяулы күз, Алтын күз - 2017» байқауының нағыз ханзадасы мен ханшасын жариялау үшін ортаға құрметті әділқазылар алқасын шақырамыз.

     Құрметті көрермендер! Жемпаздарымызға биік шындарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше!

Просмотров: 582


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст