Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық "Қазақтың келіндері-ай" байқауының жеңімпазы

31.10.2017

  Аудандық   Мәдениет  Үйінде  "Ақмола облысы іскер әйелдер қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен

-        отбасы құндылықтарын  насихаттау

-        жастарға рухани-адамгершілік  тәрбие  беру

-  жас отбасылардың  интеллектуалдық  және шығармашылық  қасиеттерін  анықтап, ынтымақтастық сезімін, салауатты  бәсекелестіктерін  дамыту

-        ұлттық салт-дәстүрлер  мен  ырымдарды дәріптеу

-        мәдени-этикалық  құндылықтарға    тәрбиелеу мақсатында  аудандық  «Қазақтың келіндері-ай!»  атты  аудандық байқау  өтті.  

Байқаудың  бағдарламасы:

I. «Қане,  таныс  болайық» - 3 минут

II. «Өнерлі  өрге  жүзер» - 3-5 минут

ІІІ. Ұлттық  салт-дәстүрлерді  көрсету,

      Қазақтың  ұлттық  тағамдары - 7 минут

ІV.Үй тапсырмасы:  «Ана көрген тон пішер»  (қолөнер бұйымдары) - 3 минут          

Ұлт  көшбасшысы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар: Рухани  жаңғыру» атты  мақаласында аталып көрсетілгендей,  халқымыздың тағылымы  мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете оты­рып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуы керектігі  туралы негізгі  идеясының  аясында  өткізілген аталмыш  шараға  ауданымыздың  елді  мекендерінен 11  келін  қатысап,  байқау  бағдарламасына  сәйкес  өнер  көрсетті.  Қатысушылардың  ұлтымыздың  түрлі  салт-дәстүрлерінен  қойған көріністерінің, ұсынған  ұлттық  тағам  үлгілерінің,  сонымен  қатар,  келіндердің  өз  қолдарымен  әзірлеген  көздің  жауын  алатын  қолөнер  бұйымдары  қойылған  көрменің  тағылымдық  мәні  жоғары  болды. 

Байқауға қатысушылар мен жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және байқаудың аталымдары бойынша арнайы дипломдармен марапатталды.

Ақмол ауылының  намысын қорғаған мектебіміздің  бастауыш  сыныптар  мұғалімі  Әлжанова  Айгүл  Мейрамқызы  үздік  өнер  көрсетіп, байқаудың  Бас  жүлдесін жеңіп  алды.  

Әріптесімізді  жеңісімен  құттықтап,  толайым  табыстар  тілейміз!

Просмотров: 573


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст