Текст
2017 жылғы 8 қараша күні мектебіміздің 5 «ә» сынып оқушылары “ALEM EMPIRE” кинокомпаниясының ұйымдастырумен ҚР Елбасының «Болашаққа бағдар: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» мақаласында көрсетілген «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру, оқушылардың эстетикалық, интеллектуалдық деңгейін дамыту мақсатында түсірілген «Күлтегін» деректі фильмінің түсіріліміне қатысып қайтты. Деректі фильм Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында түсірілді.
Фильмнің түсірілімі барысында Мұражайға саяхат жасалды. Түсірілім соңында балаларға тәттілер таратылды. Бұл сапардан мол әсер алған оқушыларымыздың Отанға деген сүйіспеншілігі одан әрі артады деген сенімдеміз.