Соңғы жылдары біздің мектебімізде бастауыш сыныптар оқушыларынан құрылған "Балдәурен" вокалдық тобы түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып, жақсы жетістіктер көрсетіп жүр. Аталмыш вокалдық топтың репертуарында қазақ сазгерлерінің балаларға арнап жазылған көптеген әндері бар. Топ мүшелерінің ән өнеріне деген қызығушылықтары қуантады.
Қараша айының соңында Астана қаласында республикалық «Золотая Ника» ән байқауы өтті. Осы додалы байқауға қатысқан «Балдәурен» вокалды тобы үздік өнер көрсетіп, жүлделі I-орынға ие болды. Ал жеке орындаушылар арасында мектебіміздің 3 сынып оқушысы Нұртайқызы Жаннұр да жүлделі I-орынға ие болып, байқаудан қуанышты оралдық.
Бүлдіршіндерімізге шығармашылық табыстар тілей отырып, өнерлерің өрге жүзсін дейміз!